Ұлы ғалым Қ.И. Сәтбаевтің 125 жылдық мерейтойына арналған ХIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті
ЕҰУ жаңалықтары
13.04.2024 102
2024 жылдың 12 сәуірі күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде “Ғылым қызметкерлері күні” аясында студенттер мен жас ғалымдардың "GÝLYM JÁNE BILIM-2024" ұлы ғалым Қ.И. Сәтбаевтің 125 жылдық мерейтойына арналған ХIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференция барысында жас ғалымдар өзара пікірталасып, өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Мақалаларды қорғау барысында Кайрбай Арафат, Усентаев Мурат, Елшібай Ақмарал, Ақпаев Ерасыл, Тусупбекова Аружан, Біржанұлы Сұлтан, Абылгазин Дархан, Давлетқан Томиристің жұмыстары ерекшеленді. Конференция сәтті өтіп, қатысушылар өздерінің зерттеу дағдыларын жетік көрсете білді. Жас ғалымдарға зерттеу жұмыстарында мол табыс пен сәттілік тілейміз!
Бөлісу: