Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы «GYLYM JANE BILIM – 2024» Халықаралық ғылыми конференциясының «Қылмыстық саясат және қылмыстық заңнама: заманауи сын-қатерлер және оларды шешудің тиімді жолдары» және «Қылмыстық сот ісін жүргізу тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың механизмі ретінде» секцияларының жұмысын жүргізді
2024 жылдың 12 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы факультет деканы, з.ғ.д., профессор Б.М. Сматлаевтың, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Б.Р. Сембекованың, PhD докторы, аға оқытушы Д.Б. Қалмағанбетованың, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырған «GYLYM JANE BILIM – 2024» халықаралық ғылыми конференциясының «Қылмыстық саясат және қылмыстық заңнама: заманауи сын-қатерлер және оларды шешудің тиімді жолдары» және «Қылмыстық сот ісін жүргізу тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың механизмі ретінде» атты 2 секциясының жұмысы жүргізілді.
Секциялық отырыстарға «7М04204 – Сот билігі және қылмыстық әділет» білім беру бағдарламасының ТюмМУ (Ресей Федерациясы, Тюмень қаласы) және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының магистранттары, Alikhan Bokeikhan University магистранттары, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «7М04209 – Сот сараптамасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бірінші және екінші курс магистранттары, «6В04201 – Құқықтану» және «6В04204 - Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер қатысты.
«Қылмыстық саясат және қылмыстық заңнама: заманауи сын-қатерлер және оларды шешудің тиімді жолдары» секциясының жұмыс қорытындысы бойынша төрағасы з.ғ.д., профессор К.Ж. Балтабаевтың және комиссия мүшелері з.ғ.к., доцент М.Б. Мұратханованың және аға оқытушы Ю.Н. Дрокиннің шешімімен:
1 дәрежелі дипломдармен: «6М04201 – Құқықтану» ББ 1 курс магистранты Штефанов Иван, «6В04204 - Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызметі» ББ – ның 4 курс студенті Мақсұт Аружан;
2 дәрежелі дипломдармен: «6В04201 – Құқықтану» ББ 3 курс студенттері Джумабаева Асель, Абдильдаева Аружан;
3 дәрежелі дипломдармен: «6В04201 – Құқықтану» ББ 3 курс студенттері Генрих Мерейли, Қойлан Әлібек марапатталды.
«Қылмыстық сот ісін жүргізу тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың механизмі ретінде» секциясы жұмысының қорытындысы бойынша төрағасы з.ғ.д., профессор А.Н. Ахпановтың және комиссия мүшелері з.ғ.к., профессор Б.Р. Сембекова мен з.ғ.к., доцент Н.Б. Мергембаеваның шешімімен:
1 дәрежелі дипломдармен: «7М04204 – Сот билігі және қылмыстық әділет» ББ 2 курс магистранты Илья Хмелевская (ТюмГУ), ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Эльдар Калымбаев;
2 дәрежелі дипломдармен: «7М04204 – Сот билігі және қылмыстық әділет» ББ 2 курс магистранты Осепян Тамара, «7М04209 – Сот сараптамасы» ББ 1 курс магистранты Қадыр Аружан;
3 дәрежелі дипломдармен: «7М04204 – Сот билігі және қылмыстық әділет» ББ 2 курс магистранты Губарев Евгений (ТюмМУ), «7М04209 – Сот сараптамасы» ББ 1 курс магистранты Жакишева Динара марапатталды.