Химия бойынша магистратураның бірлескен білім беру бағдарламасы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Әжінияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық университеті күш біріктіреді
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен Әжінияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық университеті бірлесіп химия бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Бұл бастама химия саласындағы ғылыми және кәсіби құзыреттерді дамытуға ықпал ете отырып, студенттерді оқытуды байытады. Бағдарлама теориялық білімді ғана емес, практикалық дағдыларды да, сондай-ақ қазіргі заманғы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Оқытушылар жоғары біліктілікке ие, бұл студенттерді сапалы оқытуға кепілдік береді. Оқытуды ұйымдастыру мен әдiстерi студенттердi химия саласындағы қазiргi заманғы сын-қатерлерге даярлауды қамтамасыз ете отырып, кешендi тәсiлге негiзделген.
Жүргізілген талдау негізінде бағдарламаның жоғары сапасы туралы қорытынды жасалды. Бұл бірлескен бастама білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамытудағы маңызды қадам болып табылады.