ЕҰУ студенттері Қырғызстанда өткен «StudEXPO-2024 Computer Science end Design» көрмесінде 1 орынды жеңіп алды
Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының студенттері Ош мемлекеттік университетінің (Қырғызстан) 85 жылдығына арналған «StudEXPO-2024 Computer Science end Design» халықаралық байқауында 1 орынға ие болды.
Халықаралық студенттік көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан университеттерінің жас талапкерлері қатысты.
Көрме мақсаты студенттердің еңбектерін жариялау, нарықты жаңарту, достастыру көзделген.
Аталған жәрмеңкеге жүз елудей жоба тіркеліп, келесі секцияларға «Бағдарламалау, мобильді және веб-қосымшалар», «Робототехника және автоматтандыру», «3D модельдеу және қозғалыс анимациясы», «Иллюстрация және графикалық дизайн» бөлініп жұмыс атқарды. Әр секция бойынша көрші елдің білікті маман иелері комиссия мүшелігіне шақырылған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің механика-математика факультеті, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 4 курс студенттері Найла Абдошева, Айгерім Даулетбаева, Сабыржан Серік және Мамбетов Бекжігіт бақ сынап келді.
«Бағдарламалау, мобильді және веб-қосымшалар» секциясы бойынша «Жасанды интеллектті пайдалана отырып су қоймаларының ауданын бақылау және болжау» тақырыбын қорғап таныстырған студенттер Найла Абдошева, Айгерім Даулетбаева мен докторант Мадина Джунусова жүлделі І-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Ұйымдастырушылар студенттерді бағалы сыйлықтармен марапаттап сонымен қатар ОшМУ ректоры К.Кожобеков Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ төрағасы ректор - Е.Сыдыковты Алғыс хатпен марапаттады.