Жұмыстағы стрессті қалай жеңуге болады
Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Назерке Бейсенова мен бас маман – психолог Жасулан Молдахметовтың ұйымдастырумыен «Менің ішкі әлемім» әлеуметтік-психологиялық жобасы аясында «Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаменті», «Даму және инновацияландыру департаменті» және «Стратегиялық даму департаменті» қызметкерлері арасында «Эмоциялық жай-күй және стресстің алдын-алу» атты тренингі өтті.
Тренингке қатысқан қызметкерлер өз эмоционалдық күйіне баға беріп, кәсіби жану синдромына әкеп соғатын стресстің алдын алу әдістерімен танысты.
Тренинг барысында «Танысу», «Ассоциалар» «Ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер» сияқты жаттығулар қолданды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жұмыстағы күнделікті қиындықтар мен стрессті қалай жеңуге болатыны туралы әңгімелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, стресстің алдын-алу жолдары мен эмоциялық күйіп қалу синдромының профилактикасына арналған жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында қатысушылар өздерін еркін ұстап, командалық күй орнатты.