Мұражайға саяхат
Халықаралық қатынастар факуьтеті, шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары А. Қадысқызы және А.К. Купаева 2024 жылдың 25 сәуір күні сағат 14:00-де 1 курс білім алушыларымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Күлтегін» ескерекішті және «Жазу тарихы» мұражайына саяхат тәрбиелік іс-шарасын ұйымдастырды.
Бұл іс-шара студенттердің ана тіліне, тарихына деген құрмет пен қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. «Мұражайға саяхат» атты тәрбиелік іс-шараның мақсаты: студенттерді тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар, кесенелермен таныстыру.
Бұл тәрбиелік іс-шараға «Түркітану» мамандығының Т-11/12 және «Шетел филологиясы» ШФ-11/12, «Әлеуметтік жүмыс» мамандығының Әж-11 топтарының студенттері қатысты. Олар мұражайды аралап, мұражай жәдігерлерімен танысып, өлкеміздің тарихы туралы көп мәлімет алды.
А. Қадысқызы