Елордалық мектеп-лицей түлектері ЕҰУ-ға қызығушылық танытты
Астана қаласы «№ 62 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-нің 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандықтар көрмесін» ұйымдастырды. Көрмеге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Кәсіби бағдар беру бөлімі қатысты.
Көрмеде елордамыздың 10 аса жоғары білім беру орындары өз білім беру бағдарламаларымен, университет өмірімен таныстырды.
Оқушылардың ЕҰУ-не деген сұраныстары мен қызығушылықтары жоғары екені байқалды. Бөлім мамандарынан өздерін қызықтырған білім беру бағдарламалар топтары, шекті балдар, оқу ақысы деген секілді сұрақтарына жауап алды.
Мектеп түлектеріне университетіміздің тарихы, студенттер өмірі, факультеттер туралы ақпараттар, талапкерлер үшін ақпараттар бар «Eurazia universiteti» ақпараттық газеттері, білім беру бағдарламалары көрсетілген буклеттер таратылды.