Қазақстандағы қайырымдылық дәстүрлері туралы шетелдік және қазақстандық ғалым-тарихшылар
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан гранттық қаржыландыру аясында орындалатын "Қазақ қоғамындағы діни дәстүрлер және қайырымдылық (ХІХ ғ. - ХХ ғ.басы)" атты ғылыми жобаны жүзеге асыруға бағытталған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінде «Қазақстан республикасындағы қайырымдылық дәстүрлері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан шетелдік зерттеушілер: Суриндра Банерджи - Лидс университетінің бизнес мектебінің маркетинг кафедрасының доценті, Жаһандық және стратегиялық маркетингті зерттеу орталығы директорының орынбасары (Ұлыбритания), Жібек Сыздықова – тарих ғылымдарының докторы, профессор, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институты Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі, Роман Дрозд - тарих ғылымдарының докторы, профессор. Тарих институты Померан университеті (Слупск, Польша), Абдулла Гүндогду - тарих ғылымдарының докторы, Анкара университетінің профессоры (Түркия).
Конференция модераторы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Құралай Сейтқазина.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директордың орынбасары Е.Синцова өзінің құттықтау сөзінде қайырымдылықтың тарихы мен дәстүрін, жаңа бастамаларды, қайырымдылық қызметті дамытудың тенденцияларын талқылау бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасынан профессор Светлана Ковальская, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлфайрус Жапекова, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғанижамал Кушенова, тарих ғылымдарының кандидаты, Археология және этнология кафедрасының доценті Гульнар Каженова, ҚР Ұлттық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Ернұр Рахимов қатысып, баяндама жасады.
Аталмыш шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті докторанттары, магистранттары, студенттері, сонымен қатар, Қазақстан мектептерінің оқытушылары белсенді қатысты. Конференция барысында аудармашы болған «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын жүзеге асырушы студент Катрин Сорокинге (Миддлбери колледжі, Вермонт, АҚШ) алғыс білдіреміз.