Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
2012 жылдың 21 – 29 қаңтар аралығында Конрад Аденауэр атындағы Қорының ұйымдастыруымен өткен Германия Федеративтік Республикасының (Берлин қаласы) алмасу бағдарламасына Еуразия ұлттық университетінен Заң факультетінің магистранты (халықаралық құқық мамандығы бойынша) Муслим Хасенов қатысты. Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасу мақсатында аталмыш бағдарламаға Қазақстан атынан саясат, журналистика, қоғамдық қызмет және ғылым саласынан жалпы 13 адам барды.
Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар Германияның келесі стратегиялық ұйымдар және мекемелерінде сапармен болып қайтты: Бундестаг (Германияның Парламенті); Федеральдік Канцлердің Әкімшілігі; Сыртқы істер министрлігі; Отбасы, балалар, егде адам және жастар мәселелері бойынша министрлігі; Берлин қаласының Парламенті; Конрад Аденауэр атындағы Қорының Орталығы; Германияның Жастар Қауымы; Германияның Жастарының Қауымдастығы; Жастар және Мәдениет Орталығы; Бұқаралық акпарат құралдарының Кеңесі т.б.
Апта барысында Қазақстандық делегаттар Бундестаг және Ландтаг депутаттарымен, министрліктері департаменттерінің басшыларымен, Федеральдік Канцлер баспасөз қызметінің басшысымен кездесті, Федеральдік Үкіметінің пресс-конференциясына қатысты.
Еске сала кетейік, Муслим Хасенов 2010-2011 жылдары Конрад Аденауэр атындағы Қорының стипендиаты болды.
8 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Германия Федеративтік Республикасына ресми іссапарын жоспарлауда.