
8D01103 – Педагогика және психология, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламасы бойынша PhD 3 курс докторанттарының ғылыми зерттеу жұмысының есебі

2025 жылдың 20 мамыр күні Білім жоғары мектебі, «Педагогика» кафедрасының 8D01103 – Педагогика және психология, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламасы бойынша PhD 3 курс докторанттарының ғылыми зерттеу жұмысының есебі тыңдалды.
Ғылыми зерттеу жұмысының есебін қабылдауға кафедра меңгерушісі М.П.Асылбекова, диссертациялық кеңес төрағасы П.Б. Сейітқазы, диссертациялық кеңестің хатшысы С.Д. Аубакирова, эдвайзер Г.Б.Жукенова, сонымен қатар докторанттардың ғылыми кеңесшілері Қ.Қ. Шалғынбаева, К.Р. Калкеева, С.Н. Жиенбаева, Қ.Т. Әтемова, Ф.Н. Жұмабекова, Н.П. Албытова, Г.Т. Уразбаева, Г.К. Шолпанкұлова қатысты.
Докторанттар оқу жылының қорытындысы бойынша диссертациялық ғылыми зерттеу аясында жүргізген жұмыстарын сәтті қорғап, кафедраның профессор-оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылып, талқылау жүзеге асты.
Докторанттар ғылыми зерттеу жұмысының есебі аясында, өз диссертацияларының зерттеу базаларын, әдістемелік негіздер мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында алынған нәтижелерді ұсынды.
Сонымен қатар, докторанттардың диссертациялық жұмыстарының дайындық деңгейі, Web of Science және Scopus базасындағы рецензияланатын ғылыми басылымдар мен ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда ғылыми мақалалар жарияланымдығы сұралды.
Тыңдалған ғылыми зерттеу жұмысының қорытынды есебі бойынша докторанттарға бірқатар ұсыныстар мен толықтырулар айтылып, диссертациялық зерттеу бағыттарына оң баға берілді.
«Педагогика және психология» мен «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің тақырыптары өзекті және сұранысқа ие. Олар білім беру және әлеуметтік жұмыс саласындағы заманауи мәселелерді шешуге бағытталып, осы саланы дамытудағы маңыздылығы ерекше. Сондай-ақ, докторанттардың жұмысы ғылыми білімді байытып қана қоймай, зерттеу идеяларын тәжірибелік қолдануды жүзеге асырады. Бұл зерттеулер білім сапасын арттырып, әлеуметтік қолдаудың деңгейін жақсартады.
