
1 курс студенттеріне арналған бекіту конференциясы өтті

2025 жылғы 16 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6В05209 – География білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған оқу-далалық практика бойынша бекіту конференциясы өтті. Іс-шараға төрт академиялық топтан 80-ге жуық студент қатысты.
Конференция барысында студенттерге алдағы практикаға қатысты кешенді ақпарат берілді: оқу практикасының мақсаты мен міндеттері, өткізу уақыты, құрылымы және далалық жұмыстардың кезеңдері. Практика 2025 жылдың 19 мамырынан 14 маусымына дейін Ақмола облысы, Зеренді ауылындағы «Парус» спорттық-сауықтыру кешенінде өтеді.
Іс-шарада қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізіліп, табиғи ортада жұмыс істеу кезіндегі ережелер, жеке қорғаныс, алғашқы көмек көрсету, топтық жауапкершілік және тәртіп мәселелері талқыланды. Конференцияға қатысқан барлық студенттер тіркеуден өтіп, тиісті нұсқаудан өтті.
Студенттерге оқу практикасының жұмыс жоспар-кестесі таныстырылды. Онда келесі жұмыстар қамтылған: микроклиматтық бақылаулар жүргізу, топырақ шурфын қазу және сипаттау, геоботаникалық зерттеулер, нивелирлеу, GPS арқылы өлшеу, жер бедерін сызу және камералдық талдау.
Бекіту конференциясын оқу практикасының жетекшілері – Зинабдин Н.Б., Карагойшин Ж.М. және Салихов Т.К. ұйымдастырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді және барлық бағыттар бойынша нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
