
«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ – БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ НЕГІЗІ» КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2025 жылғы 28 сәуірде 218 аудиторияда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Э.А. Ашимованың жетекшілігімен 6В04204 – «Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызметі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттердің академиялық адалдық қағидаларын терең меңгеруіне ықпал ету, оқу процесінде әділдік, жауапкершілік және дербес жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында куратор академиялық адалдық ұғымының мәнін ашып, жоғары білім беру жүйесіндегі адал білім алудың маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, көшіру, плагиат, жалған ақпарат ұсыну, бөгде адамның көмегімен тапсырма орындау сияқты академиялық құқықбұзушылықтардың түрлері мен олардың салдары кеңінен талқыланды.
Қатысушылар назарына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы ішкі тәртіп ережелерінен үзінділер ұсынылып, университеттің академиялық адалдық саясаты түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттермен интерактивті пікірталас ұйымдастырылып, нақты жағдаяттар негізінде адалдық пен әділетсіздік арасындағы айырмашылықтарды анықтау тапсырмалары берілді.
Кураторлық сағат қорытындысында студенттер академиялық адалдық тек университет қабырғасындағы тәртіп ережесі ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметтің берік іргетасы екенін атап өтті. Олар білімге адалдықпен қарауға, әділ бағалауға ұмтылуға және академиялық этиканы сақтауға дайын екендіктерін білдірді.
Аталған іс-шара студенттердің оқу үдерісіне деген жауапкершілігін арттырып, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсер етті.
