
Харбин политехникалық университетінде халықаралық конференция және аспиранттарды даярлау жөніндегі «Қытай – ШЫҰ» инновациялық орталығының ашылуы

2025 жылғы 5–6 қыркүйекте Харбин политехникалық университетінде аспиранттарды даярлау жөніндегі «Қытай – ШЫҰ» инновациялық орталығының салтанатты ашылуына және университеттің халықаралық кампусының пайдалануға берілуіне арналған ауқымды халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және академиялық қауымдастықтың жоғары лауазымды өкілдері қатысты: Қытай Білім министрінің орынбасары У. Ян, Хэйлунцзян провинциясы губернаторының орынбасары Суй Хунбо, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы Бас хатшысының орынбасары Батыр Тұрсынов, Харбин политехникалық университеті партия комитетінің хатшысы Чэнь Цзе, сондай-ақ Қытайдың және 24 шет мемлекеттердің жетекші университеттерінің ректорлары мен өкілдері.
Қазақстаннан «Қытай – ШОС» аспиранттарын даярлау инновациялық орталығының ашылу салтанатына, сондай-ақ университеттің халықаралық кампусының пайдалануға берілу рәсіміне үш университеттің өкілдері қатысты – Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен тәжірибелі мамандар мен жас ғалымдардан құралған делегация қатысты. Олардың қатарында әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі – Ләззат Төлегенқызы; заң ғылымдарының кандидаты, профессор Индира Советқызы Сактаганова; қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Алуа Жасланқызы Мұратова; ғылым және ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының бастығы – Руслан Мұратұлы Каматов; халықаралық әріптестікті дамыту және халықаралық рейтингтерде ілгерілету бөлімінің бастығы – Алтын Қуанышқызы Кияшева; докторанттар Куат Роман пен Бота Амирова болды.
Конференция аясында ерекше назар «Қытай – ШЫҰ» Меморандумына аударылды. Оның дайындалуына қатысушы елдердің сарапшылары белсенді атсалысты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарапынан әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Ләззат Төлегенқызы сараптамалық көзқарасын білдіріп, меморандум қатысушы ретінде қол қойды.
Салтанат кезінде ғылымды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін академиялық қауым өкілдері марапатталды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Индира Советқызы Сактаганова жоғары марапат – «Ғылым Туы» құрмет белгісімен марапатталды.
Конференция бағдарламасына ғылымның өзекті бағыттары бойынша аспиранттар мен докторанттардың баяндамалары енгізілді. Олардың ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары (ғылыми жетекшісі – профессор И.С. Сақтағанова):
- Қуат Роман, «Құқықтану» мамандығы бойынша 1-курс докторанты;
- Амирова Бота, «Құқықтану» мамандығы бойынша 2-курс докторанты.
Белсенді зерттеу қызметі мен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін жас ғалым Бота Амирова аспиранттарды даярлау жөніндегі «Қытай – ШЫҰ» инновациялық орталығының құрметті эмблемасымен марапатталды.
Өткен конференция халықаралық академиялық диалогтың, ғылыми тәжірибе алмасудың және ШЫҰ елдері арасындағы білім беру байланыстарын нығайтудың маңыздылығын көрсетті. Харбин политехникалық университеті және оның серіктестері бірлескен инновациялық және білім беру жобаларын дамыту бойынша стратегиялық бағытты айқындады.
