Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Ақселеу Сейдімбек – қазақ фольклорын зерттеуші

Ауыз әдебиетінің әр халықтың тарихындағы көтерген жүгі мен даму сипаты бірдей емес. Қазақ халқы үшін ауызша өнер үлкен әлеуметтік мән-маңызға ие болған.

Қазақ фольклорының шексіз мол қазынасына ХІХ ғасырда назар аударған Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, В.Радлов, Ә.Диваев, ХХ ғасырда А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, т.б бар. Белгілі фольклор зерттеушілері қатарында ғалым А.Сейдімбектің де есімін айрықша атай аламыз. Өзінің зерттеу еңбектерінде А.Сейдімбек қара өлең мен құдыретті қазақ күй аңыздарының жанрлық табиғатын, шығу тарихын, көркемдік кестесін арнайы қарастырады.

Мейлінше бұқарашыл көптің өнері саналатын қара өлең фольклоршы ғалым Ақселеу Сланұлының кандидаттық ғылыми еңбегінің арнайы зерттеу объектісі ретінде тұңғыш рет назарға алынады. Еңбекте бүгінгі таңға дейін жалғасын тауып отырған, бап талғамайтын, айрықша әнші-күйшілікті қажет етпейтін қара өлеңнің өзіне тән ерекшеліктері: қара өлеңнің төрт жолдан тұратындығы, әдетте ел ішінде жиі кездесетін өлең екендігі, әр шумақта жеке-жеке ойдың түйінделетіндігі және қара өлеңнің әнге қосып айтылатындығы нақтылы мысалдармен ғылыми тұрғыда талданған.

Қазақтың қара өлеңінің өзіндік үні, өзіндік айтары бар өлмес өнерге тән өміршеңдігіне көз жеткізген ғалым «Қара өлеңдегі кез-келген түсініксіз» деп айтылған сөздерге қарсы шығып, қайта сол өлең айтылған орта үшін әбден түсінікті екенін, сол ортадағы адамдардың мінез бітімдеріне, тағдыр-талайына тікелей қатысы бар астарлы емеурін сөздер екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп шығады да оның барша көркемдік-эстетикалық болмысын белгілеп, талғам-танымын анықтап беретін мазмұн көшпелілердің дүние-тіршілік қалпынан туындайтынын пайымдайды. Одан әрі А.Сейдімбек қара өлеңдегі ой мен образ, емеурін мен астар халықтық төл таным-түсініктен туындайтынын ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді:

Ой, Алтай, басың биік, шөбің сұйық;

Ойнайды бауырында арқар, киік.

Кір жуып, кіндік кескен қайран Алтай,

Кетеді сені ойласам ішім күйіп, -

секілді қара өлең үлгісін мысалға алып, автор бұл сынды өлең еш уақытта сол әншінің ғана сезімі емес, жалпы жұртқа ортақ сезім игілігі деп танып, қара өлеңдегі махаббат, ғашықтық тақырыбын кеңінен қарастырады.

Жалпы қара өлеңнің табиғатын, өзіне тән ерекшеліктерін типологиялық аспектіде қарақалпақ, өзбек, қырғыз, венгр, орыс, латыш фольклорынан мысалдар келтіріп, байсалды пікірлер айтады. Қара өлеңнің этимологиясын айқындай отырып, оны фольклорлық және әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуының типологиялық заңдылық аясында қарастырған ғалым қара өлеңнің танымдық, эстетикалық сипатын, ондағы емеурін мен астарды халықтық тіл дүниетаныммен тығыз бірлікте талдайды. Қара өлеңнің табиғат туралы дәстүрлі үлгілерін мысалға келтіріп:

Дүние қарап тұрсам бір кең сарай,

Сарайға көзім талды қарай-қарай...

немесе:

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса мал менен бас құралмаған...

деп басталатын жолдарда Адам – Қоғам – Табиғат ұдайы жанды қарым-қатынасқа түсетінін аңдатады. Зерттеуші оны көшпелі өмір салтының табиғатпен тікелей тамырласып жататын әлеуметтік-экономикалық қалыптастырған психология деген қорытындыға келеді. Оған қоса автор қара өлеңнің міндетті түрде созылмалы немесе қоңыр әнге салынып айтылатынын, бірақ бірде-бір қара өлеңнің тұрақты әні болмайтындығын байқап, әр әннің ырғақтық ерекшеліктеріне орай қара өлең тармақтарындағы бунақтар орын ауыстыра беретіндігіне мән берсе, қара өлеңде тұрақты қайырмасы болмайтындығын, алайда әнге салып айту барысында міндетті түрде қайырма қоса айтылатындығын зерделеген және «Мың бір маржан» еңбегінде сондай қайырманың 101 түрін ұсынады.

Халық прозасын ертегілік проза және ертегіге жатпайтын проза деп жіктеушілік ХХ ғасырдың екінші кезеңінен басталғанын ескерсек, бұл тұрғыда А.Сейдімбектің «Қазақтың күй аңыздары» атты ғылыми еңбегі қазақ фольклористика сынын байытқанын атауға тиіспіз. Бұл еңбегінде фольклоршы-ғалым тұңғыш рет күй аңыздарын қазақ фольклорында ертегіге жатпайтын жанры ретінде қарастырып, оның тарихи деректілігі, құрылым мәселелері, жанрлық ерекшеліктері және күй өнерімен ара-қатынасын жан-жақты саралап берді. Ғалым алдымен зерттеу барысында қолданысқа түсетін терминдерді саралауда тың көзқарастар орнықтыруға ұмтылған. Атап айтсақ, «проза», «аңыз», «күй аңызы» терминдерінің мән-мағынасын нақтылап, осы уақытқа дейін «әңгіме новелла», «аңыз әңгіме», болған «әңгіме», «жай әңгіме», «ауызша әңгіме» деп әр түрлі айтылып келген қарапайым тұрмыстық аңыз әңгімелерді бір сөзбен «жағдаят» деп атауды ұсынып, оны еңбегінде терминдік деңгейде ұтымды пайдаланған. Ғалым күй аңыздарын тарихи деректермен тұтас бірлікте қарастырып, оны бес кезеңге бөліп, оларды сюжет-мотивтері бойынша емес, құрылымдық-тақырыптық қасиеттері бойынша төмендегідей жүйелеген:

1. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздар.

2. Күйші композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары.

3. Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй аңыздары.

4. Арнау күйлерінің аңыз әңгімелері.

5. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары.

6. Жан-жануарлар туралы күй аңыздары.

Қорыта айтқанда, фольклор туралы ғылым әуелі халық мұрасын жинақтаудан басталады десек, бұл тұрғыда ғалым А.Сейдімбектің тындырған істері ауыз толтырып айтарлық. Ғалым жинақтаған қара өлең нұсқалары екі том көлемінде қазақтың фольклорлық мұрасын толықтырды. Халық арасында таралған бес мыңдай күй бар десек, соның басым көпшілігін ел ішінен Ақселеу Сланұлы жинап, 150-ге тарта күйші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер береді. Ол еңбектері баспа бетінде кітап болып жарыққа шыққаны баршамызға белгілі.

Қазақ фольклорының бұған дейін тиісті дәрежеде назар аудармай келе жатқан қара өлең мен күй аңыздарын жинап қана қоймай, зерттеп, ғылыми тұжырым, ой-пікірлер айтып, олардың халықтық табиғатын ашуда ғалым қазақ фольклорына толымды үлес қоса алды деп есептейміз.

Гүлжауһар БОЛАТОВА,

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент


Оқылмаған дәріс

Анам екеуіміз Тараз қаласынан елордамыз Астанаға аттандық.

Дүрсілдеген поезд табанының үнінен шошып оянған анам:

- Астанаға жеттік пе? -деді.

- Алла қаласа, бір сағаттан соң жетіп қалармыз,-деп жауап қайтарды қасымда отырған апай.

Бізді анамның сіңлісі Нұрсұлу апай күтіп алды. Ас ішіп болған соң апайым Отырар кітапханасында дөңгелек үстел болатынын ескертті.

Астананың 10 жылдығына арналған әрі « Шыңжаң қазақтарының күйі, салт-дәстүрлері» жайлы тақырыпта өз пікірлерін білдіріп жатқандардың ішінен Әбіш Кекілбаев пен Ақселеу Сейдімбек ағалар көзіме оттай басылды. Баяғыда марқұм әжем «Халқыңа еңбегі сіңген ұлы адамдарды қадірле, мақтан тұт, ондай адамдар бір-ақ рет туады» -деп айтып отырушы еді.

Дөңгелек үстел аяқталып, барлығы сыртқа шыққан кез. Көкейімдегі бір сауал маған тыныштық бермеді. Ақселеу ағайдың артынан еріп келем. Мазам қашқан күйде келе жатып баспалдақтан сүрініп кеттім. Мені тұрғызып жатқан апайым «көзіңе қарамайсың ба?» -деп ұрсып жатыр. Ал мен болсам сол кісілермен тілдесіп, ақылдарын тыңдап, бұлақтай мөлдір сөздерінен сусындап, бойыма нәрін сіңіргім келді. Аяғымның ауырғанына да мән бермедім.

Сол жерде тұрған кісілер «үлкендердің жүріп өткен ізін бастың, жолың болады екен»,- десті. Ал апайым болса болашақта осы университетке түсетін болсам, Ақселеу ағайдай дананың дәрісін тыңдайтынымды айтты. Көпті көрген кісінің бізге сабақ беріп жатқанын көз алдыма елестетіп, өзімше қуанып қалдым.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне журналистика мамандығына тапсыруға бел байладым. Шығармашылық емтихан тапсырар алдындағы дайындыққа бір аудиторияға жиналдық. Оқытушы Меңдігүл Шыңдалиевадан дайындыққа Ақселеу ағайдың өзі келетінін естігенде төбем көкке жеткендей болды.

Алаштың Ақселеуі аудиторияға енгенде орнымыздан тұрып, сәлем бердік. Ол: - Осында жиналғандардың барлығы талантты да талапты балалар. Бәріне бестік баға қойыңдар» деді де, бізге ақ жол тілеп шығып кетті. Барлығымыз бір жасап, марқайып қалдық.

... Бір жыл өтті, Ақселеу ағай дәріс оқымады. Екінші курсқа аяқ басқанда ағайдың дәрісі тағы болмады. Солай арамыздағы дараның дәрісін өз аузынан естиміз деп жүргенде Ақселеу ағайымыз келмеске кетті.

Университеттің бас ғимаратында өткен А. Сейдімбек ағаймен қоштасу жүрегіме ауыр тиді.

Бас ғимарат пен Отырар кітапханасының ортасын бөліп тұрған көпірдің үстінде тұрып, көзіме жас алдым. Дәрісін тыңдай алмағаныма қатты өкіндім. Өкініштің өксігі өзегімді өртеп бара жатты. Бойымды үнсіздік биледі.

Ақселеу Сейдімбек ағайдың «хаты өлмейді, аты ешқашан өшпейді» деуден басқа амалым болмады.

Асия ОРМАНОВА 

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar