Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аккредитациясы


Білім беру қызметі сапасын көтерудің маңызды құралының бірі – аккредиттеу. Қазіргі таңда аккредиттеу жоғарғы білімдегі сапаны қамтамасыз етудің әлемдегі кең таралған үлгісіне жатады. 

Аккредиттеудің мақсаттары:

- ЕврАзЭс және ТМД бойынша келісімдерді орындау;

- Қазақстан азаматтарының шетелде білім алу және халықаралық еңбек нарығындағы құқығын қорғау;

- Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі жүйенің Болондық процеске интеграциялануы;

- ақпарат алмасу және салыстырмалы талаптар мен ресімдерді әзірлеу үшін білім сапасы бойынша халықаралық орталықтармен ынтымақтасу;

- білім сапасы деңгейін көтеру;

- білім сапасы деңгейін бағалау;

- студенттер мен оқытушылардың академиялық қозғалысының деңгейін көтеру. 

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, білім беру ұйымдарын аккредиттеу дегеніміз – білім беру қызметінің сапасы туралы нақты ақпарат беру және оларды жетілдіру мақсатында тиімді механизмдерді анықтау үшін аккредиттеу органының білім беру қызметін бекітілген талаптарға және стандарттарға сәйкес деп табуы.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 58-бабына сәйкес, акредиттеу білім беру ұйымының өтініші негізінде ведомстволық тәуелділігіне және меншік түріне қарамай, институциялық және мамандандырылған түрде бес жылға жүзеге асырылады.

- институционалдық аккредиттеу - білім беру бағдарламаларының сапалық көрсеткіштері тұрғысынан көрсетілген мәртебеге сәйкестігіне қарай білім беру ұйымдарының қызметін бағалау.

- мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымдары жүзеге асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.


ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасын ету институты (Германия) тарапынан келесі білім беру бағдарламаларына аккредиттеу жүргізіледі:

- «Халықаралық құқық» (бакалавриат);

- «Халықаралық құқық» (магистратура);

- «Халықаралық қатынастар» (бакалавриат);

- «Халықаралық қатынастар» (магистратура);

- «Политология» (бакалавриат);

- «Политология» (магистратура);

- «Экономика» (бакалавриат);

- «Экономика» (магистратура);

- «Менеджмент» (бакалавриат);

- «Менеджмент» (магистратура).

       

Ресей (АИОР) инженерлік білім беру ассоциациясы аккредиттеу агенттігі тарапынан келесі білім беру бағдарламаларына халықаралық аккредиттеу жүргізіледі:

- «Автоматтандыру және басқару» (бакалавриат);

- «Автоматтандыру және басқару» (магистратура);

- «Стандарттау, метрология және сертификаттау» (бакалавриат);

- «Стандарттау, метрология және сертификаттау» (магистратура);

- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» (бакалавриат);

- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» (магистратура).

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Иордан Хашимит корольдігі білім Министрлігінің тарапынан жүргізілген аккредиттеу табысты жүзеге асырылды. Бұл бірінші кезекте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен ПОҚ-ына ақысыз негізде Иордан мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында (Иордан және Таяу Шығыс университеттерінде) оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар берілген аккредиттеу Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ беделінің нығаюына және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің басқа Иордания жоғарғы оқу орындарымен және жалпы араб әлемінің университеттерімен байланысын, қарым-қатынасын кеңейтуге септігін тигізеді.

Қазіргі таңда ИСО 9001:2008 талаптарына сай СМЖ сертификаттау туралы «Астаналық сапа және метрология орталығы» ЖШС-мен келісім жасалды. Келісімшарт жобасы және 448 000 теңге сомасындағы шот-фактура логистика қызметіне жіберілді.











Жаңалықтар


Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 8 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar