Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ



















Сапа менеджменті жүйесі

Жоғары сапалы болған жағдайда

әлем игілігінің ең маңыздысы – білім.

Олай болмаса ол мүлдем пайдасыз.

Р. Киплинг

Жаңа білім беру жүйелеріне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес білім беру саласындағы негізгі міндеттерге мыналар жатады:

- әлемдік нарықтағы білім берудің жоғары сапасын, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;

- ұлттық және халықаралық деңгейде танылған үлгілердің ықпалдасқан өзара бейімделуі негізінде білім беру жүйесінің инновациялығын қамтамасыз ету;

- болашақтағы сапалы деңгейді озық бағдарлармен қамтамасыз ету.

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ – сапаға қатысты басшылық және ұйым басқармасы үшін өзара байланысты және өзара әрекет ететін элементтердің жиынтығы.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де сапа менеджменті жүйесін ендіру мақсаттары:

- мүдделік тараптардың талаптарына, заңнамалық және регламенттелетін талаптарға білім беру қызметін көрсетуін қамтамсыз ету қабілеттілігін көрсету;

- білім беру қызметін көрсетудің тұрақты сапасын қамтамасыз ету;

- мүдделік тараптардың сұраныстарын және үміттерін сәйкестендіру және орындау.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сапа менеджменті жүйесі мыналарға жәрдемдеседі:

- ҚР экономикасы мен қоғамының бәсекеге қабілетті мамандарға қазіргі және күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

- ғылым және техника салаларындағы жаңалықтарға бара-бар инновациялы ортаны жасауға;

- қызметтің нәтижелігі мен тиімділігін жақсарту үшін көптеген өзара байланысқан үрдістерді сәйкестендіруге және басқаруға;

- қорларды нәтижелі және тиімді қолдану арқылы жұмсалған шығындарды оңтайландыруға;

- мүмкіндіктерді үнемі жақсартып отыру арқылы бәсекелестер алдындағы артықшылықты тануға;

- қызметтің қаржылық және әлеуметтік артылықшылықтарымен қуатталған білім беру қызметі сапасы мен беделінің нәтижелігі мен тиімділігіне мүдделі тараптардың сенімін қамтамасыз ету.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сапа менеджменті жүйесін жасаудағы себептер:

а) ішкі:

- СМЖ үдерістерінің вариабельділігін төмендету арқылы студенттерді кәсіби, әлеуметтік және этикалық жағынан даярлау жағдайларын көтеру;

- білім сапасын жоғарылату үшін жоғарғы оқу орнының барлық қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру;

- өндірістен тыс шығындардың төмендеуі;

- жоғары оқу орны мәдениетінің, инфрақұрылымының және өндірістік ортасының жақсартылуы;

б) сыртқы:

- ішкі және сыртқы білім беру нарығында жоғарғы оқу орнының бәсекелестікке қабілеттілігі;

- жоғарғы оқу орны мен мамандықтар рейтингісінің өсуі;

- білім беру қызметіне деген барлық мүдделі тараптардың қанағаттануын арттыру;

- мемлекеттік тапсырысты алу үшін ЖОО қызметінің үдерістерін үнемі жақсартып отыру.

СМЖ-нің қолданыс аясы лицензиялану саласына қарай мамандықтар мен бағыттар бойынша жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтерін қамтиды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сапа менеджменті жүйесі ХС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкес келеді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ СМЖ қазіргі ЕҰУ ұйымдастырушылық құрылымына қатысты ХС ИСО 9001:2008 талаптарына сай құжатталған, ендірілген және жұмыс қалпын сақтауда.

МЖМБС талаптарымен, тұтынушылардың сұранысымен білім беру қызметінің сәйкестігін көтеріп СМЖ-ға сәйкестілік пен оның нәтижелілікті жоғарылату мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жоспарларды, сондай-ақ мониторинг, өлшеу, талдау және жетілдіру үдерістерін жүзеге асырады.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сапа аумағындағы мақсаттары (орысша)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сапа аумағындағы саясаты (орысша)

Сәйкестік сертификаты

Xабарландыру
    • 7 ақпанда Әлеуметтiк ғылымдардағы әдiстемелiк және зерттеу философиясы бойынша ғылыми семинар өтеді

      толығырақ
    • Профессор Сайлау Батыршаұлының 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

      толығырақ
    • ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтында қытай тілін оқыту курстарына қабылдау жалғасуда

      толығырақ
    • Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтед

      толығырақ
    • 3, 8 және 10 ақпан күндері «Жобалық менеджмент» атты тақырыптағы семинар жалғасады

      толығырақ
    • ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! Жаз мезгілінде шипажай-демалыс орындарына жолдама!

      толығырақ
    • 7 ақпанда Пәкістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі Абид Мумтаз дәріс оқиды

      толығырақ
    • Мәдениет пен өнер саласы бойынша шығармашылық жобаларды қолдау барысында гранттарды қарастыру байқауы

      толығырақ
    • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Сапарларға гранттар» байқауы

      толығырақ
    • Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының республикалық байқауы

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    9365
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar