Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Программа қатысушыларының пікірлері

2011 жылдың мамыр айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Академиялық мобильдік» бағдарламасы бойынша магистранттарға арналған 45 гранттың бөлінгені жөнінде хабарланды. Бәрімізге мәлім, біздің университет көптеген шетелдік университеттермен ғылыми тәжірибе алмасу жөнінде байланыс орнатқан және осы келісімдер, меморандумдардың негізінде магистранттарға әртүрлі елдерден университет таңдау мүмкіндігі берілді.

Аталмыш бағдарлама аясында заң саласына ғылыми базасы өте жоғары, профессорлық-оқытушылар құрамы білікті және орта ғасырлардан бері дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі ретінде Литва қаласының астанасында орналасқан Вильнюс университеті ұсынылды. Қазіргі таңда бұл университетте «Заңтану» мамандығының 2-курс магистранттары Бекпанова Сандуғаш және Жумабекова Айша білім алуда.

Шығыс және Орта Еуропадағы ірі, ежелгі әрі танымал жоғары оқу орындарының бірі ретінде Вильнюс университетінің іргетасы 1579 жылы қаланды. Оның құрамында 12 факультет, 8 институт, 10 зерттеу орталықтары, қоры мол кітапхана, астрономиялық обсерватория, ботаникалық бақ, университеттік 3 аурухана, әулие Иоандар костелі және есептеуіш орталық бар.

Вильнюс университетіндегі Заң факультеті 1641 жылдың 11 қазанында құрылған, оның құрамында 3 кафедра және 4 институт бар. Сонымен қатар көптеген шетелдік тәжірибелі ғалым-профессорлар дәрістер оқиды және университеттің материалдық-техникалық базалық деңгейі соңғы үлгімен қамтамасыз етілген.

Басқа елдерден келген әрбір студентті алдын ала белгіленген менторлары күтіп алып, шетелдік студенттерге арналған 3 жатақхананың біреуіне орналастырып, жалпы қала жөнінде толық мағлұмат береді. Сондай-ақ ұзақтығы 2 аптаға созылатын «orientation week» бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарлама базалық литовтық тіл курсын оқытуды, қаланың көрнекті орындарына экскурсияны және әр мемлекеттен келген студенттер арасында достық қарым-қатынасты орнату мақсатында әзірленген әртүрлі іс-шараларды қамтиды.

Келешекте аталмыш бағдарлама дәстүрлі түрде кең қанат жайып, студенттер мен магистранттарға шетелде білім алуға, ғылыми тағылымдамалардан өтуге зор мүмкіндіктер туғызады деген үміттеміз. Біз өз тарапымыздан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Вильнюс қаласында білім нәрін сусындатып, үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергеніне зор алғысымызды білдіреміз.

Сандуғаш Бекпанова, Айша Жумабекова


Эразмус Мундус бағдарламасы бойынша Португалияда білім алу

Эразмус Мундус бағдарламасы – дүниежүзінің әр түрлі мемлекеттерінде оқитын студенттер мен жас ғалымдарға Еуропаның ЖОО-да білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама жастарға қазіргі заманға сай жаңа технологиялар мен механизмдерді қолдана отырып, ғылымда жаңа тәжірибе және білім алуға үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Мен 2008-2009 жж. Эразмус Мундус бағдарламасының стипендиаты атандым (Алгарве университеті, Фару қаласы, Португалия). Осы бағдарлама туралы білгенде,біздің университетімізге бөлінген гранттардың біреуін жеңіп алатыныма сенбедім. Бірақ сонда да құжаттарды жинап, өз бағымды сынауға бел будым. Португалия мемлекетін өз бетімше таңдамадым. Мен құжаттарды тапсырған жылы бағдарламаның шарттары бойынша өтініште білім алғың келетін университетті жазуына қарамастан, соңғы шешімді бағдарламаның іріктеу комиссиясы мүшелері қабылдайтын болды. Яғни, олар соңғы шешімді өтініш беріп отырған студенттің мақсаты мен таңдап алынған мамандықтың бар-жоқтығы негізінде қабылдады.

Алгарве университетінде оқу, жалпы қиын емес, қиыншылық тек алғашқы айларда, ағылшын тілімен байланысты туындады. Аталған университетте тілдермен байланысты мамандықтардан басқа пәндер негізінен португал тілінде өтеді. Соған қарамастан, барлық оқытушылар ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Университетте білім беру жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Университет кітапханасы өте үлкен, кітаптарды тек португал тілінде ғана емес, ағылшын тілінде де оқуға болады. Студенттердің ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігі де бар, зертханалар қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Португалдықтардың өздері сыпайы, әрқашанда көмектесуге дайын. Егер сіз белгілі бір жерге қалай жетудің жолын білмесеңіз, сол жерге қалай бара алатыңызды түсіндіріп қана қоймай, тіпті сіз адасып қалмасын деп сізбен бірге сол жерге дейін баруға да дайын.

Менің ойымша, Эразмус Мундус бағдарламасы бойынша оқу біріншіден, халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары кәсіптік деңгейде білім алуға, екіншіден, басқа мемлекеттердің ғылым жетістіктерін меңгеруге жол ашады. Сонымен қатар, өзге мемлекеттердің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін танып-білуде де маңызды орын алатыны сөзсіз.

Мен Эразмус Мундус бағдарламасы бойынша Португалияда білім алғаныма өте қуаныштымын. Осы бағдарламаның арқасында Алгарве университетінде оқыған бір жыл ішінде өзімнің ғылыми мақсаттарымды жүзеге асыруға қажетті білім алып қана қоймай, өмірлік тәжірибе жинадым. Университеттің халықаралық студенттермен айналысатын бөлім қызметкерлері ұйымдастырған әр түрлі іс-шаралардың нәтижесінде, Португалия және дүниежүзінің әр түрлі материктерінде орналасқан бірқатар мемлекеттердің салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті туралы қызықты да, пайдалы ақпарат алдым. Оған қоса, қызығушылық, мақсат пен міндеттеріміз сәйкес келетін дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде тұратын достарым пайда болды. Қазақстанда осы бағдарламаның алғашқы түлектерінің бірі болу - мен үшін үлкен мәртебе.

Осы жылы біздің университет Эразмус Мундустың үш жобасын ұтып алды: MARCO XXI, ARCADE, GATE II. Еуропалық Одақ бағдарламасының үш жобасын ұтып алу Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері, магистранттары, жас ғалымдары мен оқытушыларына өздерінің ғылыми потенциалдарын жүзеге асыруға қажетті білім алудың тамаша мүмкіндігін береді деген сөз. Қазақстан студенттерінің Еуропаның ең үздік университеттерінде білім алуы ғылымның әр түрлі салаларында жақсы білім алумен қатар, алған білімдерін болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосуда пайдалана алатынына сенімдімін.

Айнұр Ахметова

Жаратылыстану ғылымдары факультеті,

биология кафедрасының 1-курс магистранты
Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar