Мекен жай:
Қазақстан Республикасы
010008, Астана
Мұңайтпасов көшесі 5
Тел.: 8 (7172) 35 38 06
Факс: 8 (7172) 35 38 08
Каргин Жұмат Бейсембекұлы
Оразбек Макпал Социалқызы
Мекен-жайы: 010008 Астана қаласы
Мұңайтпасов көшесі 5, бас ғимарат, 404 каб.
Телефон: 35-38-15, ішкі 40-05
e-mail: Kaniyev_BK@enu.kz
Ғылым және жобалар коммерциализациясы департаменті – университеттің барлық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық зерттеу жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады. Департамент университеттегі ғылыми зерттеу бөлімшелерінің, сондай-ақ факультеттердің, ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) мен ғылыми орталықтардың (ҒО) т.б. жұмыстарын біріктіретін біртұтас ғылыми құрылым.
Департаменттің негізгі мақсаты – университеттің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін толық пайдалануға күш жұмсауға, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-құрылымдық зерттеу жұмыстарының ғылыми өндірісте тиімді нәтиже көрсетуіне қолдау жасау, сондай-ақ білім сапасы, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру, білім бағдарламаларын жүзеге асыру, ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайтуды жүзеге асырады.
Департамент университетті дамыту стратегиясы негізінде ғылыми және инновациялық жұмысты Ғылыми кеңес шешімімен анықтайды, ал жыл бойы – сол жылға арналып жасалған жоспарға сәйкес жұмыс жүргізеді.
Департаменттің жұмысын ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор басшылық жасап, бақылауға алады.
Негізгі міндеттері
Департаменттің негізгі міндеттері – факультеттердегі, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың, басқа да университеттегі құрылым бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар төмендегі мәселелерді қарастырады:
Жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуге атсалысады.
Университеттегі көпсалалы және пәнаралық іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді басқару, олардың ғылыми дамудың басым бағыттары мен оңтайлы жоспарлау механизмі мен стратегиясына сәйкестігін анықтау.
Жоғары технологиялардың тиімділігін арттыру және бәсекелестікке қабілетті өнім жасау негізінде университеттің инновациялық жұмысын дамыту.
Қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыра отырып, оларды тәжірибеде, нақты экономикалық аймақта коммерциалауды іске асыру.
Ғылыми-инновациялық дамудың басымдығын маман дайындауда нақты салалармен сәйкестендіріп білім жүйесіне бағыттау негізінде жүзеге асыру.
Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру.
Студенттер мен жас мамандардың ғылыми әлеуетін дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және таланттыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту.
Ғылымды бюджетпен және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін іздеу.
Іргелі зерттеу бағдарламалар мен ғылыми-инновациялық жұмыстың болашақта қарқынды дамуы үшін маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалар жасау.
Министрліктер, ведомоствалар және басқа да ұйымдармен ғылыми-техникалық мәселелерді біргіп шешу үшін, ғылыми-зерттеуді өндіріс пен оқу процесіне енгізу үшін перспективалы, әрі тиімді байланыс формасын анықтау.
Ғылыми-зертеу мен инновациялық жұмысты патентті-ақпараттық және нормативті-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру үшін ғылыми-техникалық процестің жаңа жетістіктерін игеру жолдарын қарастыру, ғылымды оқу процесімен терең байланыстыру.
Университеттің инновациялық және ғылыми инфрақұрылымын еліміздің Ұлттық инновация жүйесімен, бизнес-одақтармен әріптестігін нығайту.
Шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, өндірістік ұйымдармен ғылым саласында, ғылыми-өндірісте ынтымақтастықты кеңейту.
Университет жанынан әртүрлі ғылыми, ғылыми-өндірістік және (ҒЗИ,ҒО, ұсақ кәсіпорындар т.б.) ашу, қайта құру.
Құрылымы
Каргин Жұмат Бейсембекұлы – департамент директоры
e-mail: kargin_db@enu.kz
Департамент құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:
- ғылым бөлімі;
- жобалар коммерциализациясы бөлімі.