Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева

 

Мекен жай:

Қазақстан Республикасы

010008, Астана

Мұңайтпасов көшесі 5

Тел.: 8 (7172) 35 38 06

Факс: 8 (7172) 35 38 08

РЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ
ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВ


















Жиі қойылатын сұрақтар

ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің айлығы қанша?

Айлық жалақы штаттық кесте бойынша төленеді, үш ай сынақтан кейін қосымша белгіленген төлемақы қосылады.

Еңбек демалысы неше күн, қанша уақыт алуға болады?

Еңбек демалысы 12 ай жұмыс істеген қызметкерлерге беріледі. Профессор-оқытушылараға – 56 күн, Жұмысшылар мен ғимарат тазартушыларға - 24 күн, бөлім басшылары мен инженерлер тобы және мамандарға - 30 күн беріледі.

Денсаулықты жақсартуға арналған жәрдемақы кімге беріледі, оның көлемі қандай?

Денсаулық нығайтуға арналған жәрдемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тізімге сәйкес беріледі, оның көлемі Еңбек кодексінің 239-бабының 1-тармағына сәйкес бір лауазымдық жалақы мөлшерінде.

Сәуір айынан бастап бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсетінін естідім, мұндай өсім барлық қызметкерлердің жалақысына қосыла ма?

Барлық университет қызметкерлерлерінің жалақысына 25 пайыз қосылады. Қанша теңге құрайтынын есепші - бухгалтерден біле аласыздар.

Университет қызметкерлерінің жатақханадан бөлме алу мүмкіндігі бар ма?

Жатақханадан орын бөлетін арнайы комиссия жұмыс істейді. Ректордың атына өтініш жазып, бөлім бастығының қызметтік жазбасы белгіленген тәртіпке сай қарастырылады. 

Мұрағат анықтамасын қалай алуға болады(оқудың мерзімі, еңбек қызметін растау, қызметкердің зейнетақысын аудару жөніндегі мәлімет)

Мұрағат анықтамасын алу үшін: университеттің мұрағатына өтініш жасап жазбаша түрде анықтамаға тапсырыс тастап кету керек. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болуы тиіс. Тапсырыстың орындалу уақыты - 5 жұмыс күні.

Жоғары оқу орнына түскен кездегі құжаттарды қалай алуға болады? (жалпы орта білім туралы аттестат, диплом, еңбек кітапшасы) 

Құжаттарды алу үшін университеттің мұрағатына өтініш жасап, жеке куәліктің түпнұсқасымен бару керек. 

ЕҰУ баспаханасынан қандай да бір баспа өнімін шығару мақсатында жазылатын өтінімнің үлгісі бар ма?

Әрине, өтінімді арнайы үлгіге сай жазу талап етіледі.   

Халықаралық бағдарламалар туралы қалай білсем болады?

Еуразия ұлттық университетінде, халықаралық білім бағдарламалары жөнінде қажетті ақпарат ұсынатын, Халықаралық бағдарламалар бөлімі қызмет етеді. Бізбен байланысу үшін мына мекен-жайға келуге немесе мына телефонға хабарласуға болады. ЕҰУ-дің бас ғимараты, 317 каб., тел.: 34-43-61.

Эразмус Мундус бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Эразмус Мундус бағдарламасына ЕҰУ-дің студенттері, 1-курс магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатыса алады. Негізгі талаптардың бірі – ағылшын тілін білу (IELTS 5.5; TOEFL PBT 510).

ЕҰУ-дің оқытушылары үшін қандай халықаралық бағдарламалар бар?

ЕҰУ-дің оқытушыларына келесі бағдарламаларға қатысуды ұсынамыз: Эразмус Мундус www.erasmusmundusec9.eu, www.erasmusmunduslot9.eu, Болашақ www.edu-cip.kz. ITEC http://itec.mea.gov.in., JFDP www.bilim.kz

Мен ЕҰУ-дің оқытушысымын және "Болашақ" бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткім келеді. Қажетті ақпаратты қайдан алуға болады?

"Болашақ" халықаралық стипендиясы туралы ақпарат жөнінде, Сіз Халықаралық бағдарламалар бөліміне немесе тікелей осы бағдарламаның әкімшілігіне, мына байланыс ақпараты арқылы хабарласа аласыз: Халықаралық бағдарламалар орталығы, ғылыми сынақ мерзімінен өту бөлімі, тел.: 550128, сайты www.edu-cip.kz

Жапонияның жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін, жапон тілін және Германия мен Францияда білім алу үшін, сәйкесінше неміс және француз тілдерін білу міндетті ме?

Жоқ, міндетті емес. Жапония, Германия, Франция және көптеген өзге де мемлекеттерде ағылшын тілінде білім алу қарастырылған. Сонымен қатар, стипендиялар, жоғарғы оқу орындарда, сәйкес елдің тілінде білім алу талаптарымен ұсынылатынына назар аударуды өтінеміз.

Халықаралық бағдарламаларға қатысатын студент қаржы жағынан шығындала ма?

Халықаралық бағдарламалар бөлімі халықаралық ынтымақтастық мәселесі бойынша, ЕҰУ-дің білім беру саясатына сәйкес, стипендиялық бағдарламаларға екпін қояды. Негізінен осы бағдарламалар бойынша білім алу, халықаралық алмасу, не халықаралық білім қорларымен қаржыландыруға негізделеді. Халықаралық білім бағдарламаларының тізімі нде таңдау мүмкіндігі мол, студент өз мамандығына, курсына, шетел тіл біліміне және т.б. байланысты бағдарлама таңдай алады.  

Еуразия ұлттық университеті түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін шеше ме?

Міндетті түрде. Бұл іспен университеттің түлектерді қабылдау, тәжірибе және жұмыс орнына орналастырумен айналысатын арнайы бөлімі айналысады. Осы бөлімнің қызметі нарықтың сұранысына сай арнайы сараптама жүргізіп, соған сәйкес түлектерді еңбекпен қамтуға бар жағдайды жасайды. Атап айтсақ, жұмыс берушілермен үнемі кездесулер өткізіліп, ЕҰУ студенттерінің әлеуеті туралы ақпарат беріліп тұрады. Жыл сайын түлектер жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жыл сайын студенттерді алдын-ала жұмыс орындарына бөлу жұмысы да жүзеге асырылады. Оған түрлі ұйым өкілдері арнайы шақыртылады. Олар өздеріне қандай маман қажет екенін, оларға қандай талап қойылатыны жөнінде әңгімелеп, түлектерді дайындауда қандай жағдайға ерекше назар аудару керек екенін айтады. Бұл жағдай түлектер үшін де оларды дайындайтын оқытушылар үшін де аса маңызды. Университетте әлеуметтік-экономикалық бағытта білім алған студенттерді, көбінесе педагог мамандарды ауылды жерлерге жұмысқа орналастыру мәселесі де шешімін тапқан.

Студент өз қалауымен тәжірибеден өтетін жұмыс орнын таңдай ала ма?

Студент өз қалауымен тәжірибеден өтетін жұмыс орнын таңдауға құқылы. Бірақ ол өзі қалаған жерден тәжірибеден өтпес бұрын, университеттен тағайындалған тәжірибе жетекшісінен 3 жақты келісімшарт немесе қолдау хат алуы керек.

ЕҰУ студентіне қандай мемлекеттік органдардан тәжірибеден өтуге болады?

Университет жыл сайын мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындармен студенттерді тәжірибеден өткізу жөнінде келісімшарт жасайды. Келісімшарт жасасқан ұйымдардың тізімін университет сайтындағы құрылым деген бөлімнің ішіндегі - регистратор офисі бетіндегі – қабылдау, тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі бетінен ЕҰУ студенттерін тәжірибеден өткізудегі келісім шарттар тізімі дегенсілтемені басыптаныса аласыз.

Екінші жоғары білім алғым келеді. Сіздердің университеттеріңізде сырттай оқу бөлімі бар ма?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қысқартылған мерзімде, сондай-ақ екінші жоғары білім алу үшін, сырттай оқыту түрінде білім беру ісі қарастырылмаған. Яғни, біздің университеттен сырттай білім алу мүмкіндігі жоқ. ЕҰУ-ға тек күндізгі бөлімде білім алғысы келетіндер түсе алады.

Колледж дипломын иеленген студент ЕҰУ-дің 3-курсына оқуға қабылдана ма?

ЕҰУ қысқартылған мерзім бойынша талапкерлерді оқуға қабылдамайды. Талапкерлер тек күндізгі оқу бөліміне кешенді тест тапсырған соң байқау негізінде 4 жылға оқуға қабылданады. Кешенді тестке қатысу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Кешенді тестке қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорына өтініш

Аттестат немесе диплом (түпнұсқа)

Тестке қатысу үшін төленген түбіртек

3 х 4 көлеміндегі 2 фотосүрет

086-У нысанындағы медициналық анықтама

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесi

Кешенді тест 17 - 23 шілде аралығында қабылданады.

Кешенді тест тапсырушылар 4 пән бойынша білімін сынайды. Олар: Қазақстан тарихы, математика, білім алған тілі және таңдаған 1 пәні бойынша. Әр пән бойынша 25 сұрақ болады. Барлық сұрақтың жалпы саны– 100.

Ал шығармашылық мамандықты таңдаған талапкерлер үшін қосымша шығармашылық емтихан қабылданады. Олар құжаттарын 20 маусым мен 1 шілде аралығында тапсыруы тиіс. Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өтеді.

 Басқа жоғары оқу орнынан Еуразия ұлттық университетіне ауысу үшін не қажет?

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2008 ж. 09 желтоқсанда №638 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесінің» 3 бөліміне сәйкес, бір Жоғары оқу орнынан басқа Жоғары оқу орнына ауысу жазғы және қысқы демалыс кезеңінде қарастырылады. Ауысудың немесе оқуға қайта қабылданудың міндетті шарты бірінші академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындау және аралық аттестаттауды тапсыру болып табылады.

Білім алушыны бір ЖОО-нан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім шарт алып, қызығушылық танытқан басқа ЖОО басшысына өтініш білдіреді;

2) қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы (институт директоры) қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған және мөрмен бекітілген, кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі;

Ұсынылған құжаттар негізінде (оқытылған пәндердің тізбесі,көлемі, бағдарламасы) жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды. Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса сол курсқа жүзеге асырылады.

Ауысу кезінде мамандығы, курсы және оқу тілі сәйкес болған жағдайда Мемлекеттік білім беру гранты сақталады.

Ауысу жөніндегі өтініш 25 тамызға дейін қарастырылады.

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ. Мұңайтпасов 5 көшесі, ЕҰУ-дің әкімшілік ғимараты, 178-ші кабинет. Жұмыс уақыты сағ.10.00-17.00 (сағ.13.00-14.00 үзіліс), сенбі күні сағ. 10.00-12.00. Байланыс тел. 35-38-11.

Шетелдегі оқу орнынан Еуразия ұлттық университетіне ауысу үшін не істеу керек ?

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2008 ж. 09 желтоқсанда №638 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесінің» 1 бөліміне сәйкес, бір Жоғары оқу орнынан басқа Жоғары оқу орнына ауысу жазғы және қысқы демалыс кезеңінде қарастырылады.

Шетел оқу ұйымдарынан ауысу немесе оқуға қайта қабылдану кезінде негізгі оқу программасын игергені жөнінде құжаттар (академиялық анықтама немесе транскрипт), сонымен қатар Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіп бойынша расталған және нострификатталған алдыңғы деңгейін аяқтаған туралы құжаттар (аттестат немесе диплом) ұсынылады.

Ұсынылған құжаттардың негізінде (оқытылған пәндердің тізбесі және олардың көлемі, бағдарламасы) оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықтарды анықтайды.

Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, кез келген мамандыққа, сол курсқа жүзеге асырылады.

Ауыстыру немесе оқуға қайта қадбылдау жөніндегі өтініш 25 тамызға дейін қарастырылады.

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ. Мұңайтпасов 5 көшесі, ЕҰУ-дің әкімшілік ғимараты, 178-ші кабинет. Жұмыс уақыты сағ.10.00-17.00 (сағ.13.00-14.00 үзіліс), сенбі күні сағ. 10.00-12.00. Байланыс тел. 35-38-11.

Сәлеметсіздер ме? Мен Тараз қаласынын студенті Ахметова Меруертпін. Осы жылы бакалавриат бойынша архитектура мамандығын бітіргелі отырмын. Оқуды аяқтаған соң магистратурада бағымды сынамақшымын. Сіздердің университеттеріңізді еліміздің іргелі университеті ретінде таңдап отырмын. Қояр сұрағым, архитектура мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы бар ма және неше жыл, ақылы болған жағдайды оқу ақысы қанша және басқа қаладан келген адамдарға жатақхана мәселесі қаралған ба? Сонымен қатар жылына қанша мемлекеттік білім гранты бөлінеді?

Меруерт, Тараз қаласы.

Сәлеметсіз бе, Меруерт! Біздің университетімізді таңдап отырғаныңызға өте қуаныштымыз. Ал сұрағыңызға көшсек, университетімізді архитектура мамандығы бойынша бағдарлама өткен оқу жылынан бастап іске асырылып отыр. Оқу мерзімі 1 және 2 жылдық. Ақылы оқу бір жылдық бойынша 500 000 теңге, ал 2 жылдықтың оқу ақысы жылына 580 000 теңге. Сырттан келіп оқимын деушілерге жатақхана ақылы түрде қаралған. Ал мемлекеттік білім гранттарын айтсақ, осы оқу жылында мемлекеттен осы мамандық бойынша грант бөлінбеді, алайда университеттен 2 ішкі гранттар бөлінді (1жылдық), яғни магистранттар шәкіртақысыз, бірақ тегін білім алуда.

Сәлеметсіздер ме? Сіздерге қоятын сұрағым менің естуімше сіздерде 2 дипломдық бағдарлама бойынша магистрлер дайындалуда, ол қандай мамандықтар және қандай мемлекеттермен келісім-шарт жасалған?

Әйгерім, Қарағанды қаласы.

Әйгерім сұрағыңыз өте орынды, иә бізде 2 дипломды бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар жасалып отыр. Дәл қазіргі уақытта экология, халықаралық құқық, орыс филологиясы, әлеуметтану, ядролық физика мамандықтары бойынша АҚШ-тың Нью-Мексико университетімен, Ресейдің халықтар достастығы университетімен, Дубна (Ресей) университеттерімен келісім-шарт жасалған. Магистранттар осы мамандықтар бойынша 1 жыл өз университетінде, 2-нші жылы келісім-шарт жасасқан университетте білім алып дипломға қол жеткізе алады. Болашақта бұл бағдарлама бойынша басқа да мамандықтар бойынша өзге мемлекеттермен келісімге отыру көзделіп отыр, мысалы математика мамандығы бойынша М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен 2011-2012 оқу жылында келісім жасалады деп күтілуде.

Сіздерде магитратурада сырттай білім алу мүмкіндігі бар ма? Өйткені мен мемлекеттік қызметкер едім, жұмысқа байланысты күндіз білім алу мүмкіндігім жоқ. Алдын-ала рахмет.

Айдар, Астана.

Айдар, біздің университетімізде магистратура бағдарламасы тек ғана күндізгі нысан бойынша жүргізіледі. Магистранттар аптасына 5 немесе 6 күн бойы кредиттік технология бойынша білім алады. Алайда, университетімізде 1 және 2 жылдық оқу түрінің болуына байланысты жағдайлар қарастырылған, 2 жылдық оқу нысанының магистранттары 14.00-ден кешкі 19.00-ге дейін білім алса, ал 1-жылдық, яғни кәсіби бағыттағы магистранттар 17.00 мен 22.00 аралығында оқиды. Бұл жұмыс істейтін азаматтар мен азаматшаларға ең қолайлы жағдай, олар жұмыс уақытынан кейін келіп білім алады.

Биыл магистратураға түскім келеді. Ол ішінара екіге бөлінеді, ғылыми-педагогикалық бағыт және прфильді магистратура бар деп естідім. Олардың айырмашылығы қандай?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранттарды 2 бағыт бойынша дайындайды. Профильді және ғылыми-педагогикалық. Профильді магистратура қолданбалы сипатқа ие. Барлық пәндер маманның кәсіби біліктілігін жоғарылатуға арналған. Профильді магистратурада оқитындар қосымша жұмысын да істей алады, бірақ сабаққа міндетті түрде қатысу қажет. Профильді магистратурада оқитындар кешке жақын сағат 19.00 дан 22.00-ге дейін білім алады. Оқу мерзімі 1-1,5 жыл (мамандыққа байланысты).

Егер, сіз болашақта ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқыңыз келсе немесе оқытушылық жұмыс қызықтыратын болса онда магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытына құжааттарыңызды тапсырғаныңыз жөн. Егер, сіз осы бағытты таңдайтын болсаңыз, онда болашақта PhD докторантурасында түсуге болады.

Егер, сіз бастапқыда профильді магистратураға түсіп, кейін доктарантурада оқуды қаласыңыз, онда педагогика және басқа да ғылыми-педагогикалық циклдағы мамандықтар бойынша /қосымша пәндерге қатысып, сынақ тапсырып/ кредит жинап, профильді магистратураға қосымша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дипломын иелене аласыз.

Магистратураға құжат қабылдау қашан басталады?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураға құжат қабылдау

1 - 30 шілдеде жүзеге асырылады. Емтихан 1 – 20 тамыз аралығында болады. Магистрант қатарына қабылдау 31 тамызға дейін.

Шетел азаматтары магистратураға түсу үшін қандай емтихан тапсырады?

1) қазақ не орыс тілінен (қандай топта оқитынына байланысты);

2) мамандығы бойынша ауызша емтихан тапсырады.

Басқа қаладан келген магистранттарға жатақхана беріле ме?

ЕҰУ мемлекеттік тапсырыспен оқитын магистранттарға ғана жатақханадан тегін орын береді. Ал ақылы бөлімде оқитындарға университет қонақ үйінен ақылы орын беріледі. Магистранттарға арналған жатақханада барлық жағдай жасалған. Ғимараттың бірінші қабатында асхана бар, ғаламторға желісіз қосылу қызметі де қарастырылған.

Ph.D докторантурасына түскісі келетін азаматтарға қандай талап қойылады?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің докторантурасына магистратураны тамамдаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар түсе алады.

Өзге мемлекетте тұратын ұлты қазақ азаматтар және азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғалармен қатар мемлекеттік білім тапсырысын иелену үшін байқауға қатыса алады.

Бүгінде көптеген шетел азаматтары Ph.D докторантурасына халықаралық келісім шарттар мен келісімдердің негізінде білім алуда.

ЕҰУ-дің Ph.D докторантурасына байқау негізінде магистратураны тамамдаған, яғни ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша «магистр» академиялық дәрежесі бар, тиісінше ғылыми жарияланымдары халықаралық және республикалық конференция жинақтарында жарияланған азаматтар қабылданады.

Ph.D докторантураға құжаттарды қабылдау қашан басталады?

1- 30 шілде аралығында құжаттар қабылданады, ал емтихан 1-20 тамыз аралығында болады.

Ph.D докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

1.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректорының атына жазылған өтініш;

2. Зерттеу тақырыбының қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі негіздемесі;

3. Нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;

4. Білімі, ғылым кандидаты туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі;

5. Ғылыми жариялымдар көшірмесі; мақала тезистері, оқу-әдістемелік өңдеулер, баяндамалар; авторлық куәлік, мақтау қағазы, диплом т.б. көшірмелерінің тізімі;

6. Денсаулығы туралы № 086-У үлгідегі анықтама;

7. Нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі және кадрға есепке алыну туралы жеке парақ (өзімен бірге);

8. Басқа оқу орнын оқығанын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

9. Осы саладағы атақты ғалымның кепілдеме хаты;

10. Талапкердің анкетасы/ қолдан анық әріптермен толтырылады;

11. Ұйымның мөрі басылып, расталған екі кепілдеме хат;

12. Докторлық диссертацияның жазылған жоспары/ диссертациялық зерттеудің негізгі бағыты;

13. Отандық және шетелдік жетекшілердің ғылыми жетекші болуға алдын-ала жасалған келісім/ болғаны дұрыс/ 

Xабарландыру
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен түлектері назарына!

      толығырақ
    • Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуға құжаттарын тапсырғандар үшін тілдік тестілеудің мерзімдері

      толығырақ
    • 28 мамыр мен 1 маусым аралығында қытай фильмдерінің фестивалі өтеді

      толығырақ
    • Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті Әбдүс-Сәлам Мәджалимен кездесу

      толығырақ
    • 19, 26 мамыр күндері «Жаужүрек мың бала» фильмі ЕҰУ студенттеріне тегін көрсетілмек!

      толығырақ
    • 24 мамыр күні Нобель сыйлығы лауреаттарының онлайн видеоконференциясы өтеді

      толығырақ
    • 22 мамыр күні «Экономиканы жаңғыртудағы жастардың орны мен рөлі» атты Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтеді

      толығырақ
    • 18 мамыр күні «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесу өтеді

      толығырақ
    • «Ядролық физика және медицина, физиканың элементар бөлшектері мен нанотехнологияның қазiргi мәселелерi» ІІ Халықаралық жазғы мектеп

      толығырақ
    • 17 мамыр күні Болашақ стипендиалды бағдарламасының тұсаукесері өтеді

      толығырақ
Статистика посещений

  • За сегодня:
    1271
  • За неделю:
    3027
  • За месяц:
    37453
  • Всего:
    490535




Google Scholar