
1 курс студенттерінің оқу-далалық практикасы сәтті өтті

2025 жылғы 19–25 мамыр аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B01524 – «География педагогтерін даярлау» және 6B01515 – «География педагогтерін даярлау (IP)» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Ақмола облысы, Коянды ауылындағы «Золотой фазан» демалыс базасында оқу-далалық практикадан өтті.
Практикаға 110 студент қатысты. Практика жұмыстарына кафедра оқытушылары жетекшілік етті.
Оқу-далалық практиканың мақсаты – болашақ география мұғалімдерінің табиғи ортада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Студенттер метеорологиялық бақылаулар жүргізіп, жер бедерін сипаттады, көзбен өлшеу арқылы топографиялық түсірілім жасап, өсімдік жамылғысы мен топырақ шурфтарын зерттеді, сондай-ақ GPS пен нивелир көмегімен өлшеу жұмыстарын орындады.
Бағдарлама аясында географиялық нысандарды зерттеу әдістерін меңгеру, климаттық бақылаулар жүргізу, табиғатты қорғауға ынталандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жер бедері мен су ресурстарын зерттеу дағдыларына назар аударылды.
Практика соңында әрбір топ далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша картографиялық материалдар мен есептер дайындап, оларды қорғайды.
