Бакалавриат

Құрметті студенттер!


1996 жылы құрылған Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының ең жас білім ордасы болып табылады. Оқу ордамызда мамандарды даярлау сапасы ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді, оның дәлелі ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың халықаралық және республикалық рейтингтерге, мамандықтар бойынша халықаралық аккредиттеуге қатысуын ерекше атап өтуге болады.
Білім беру қызметінде біліктілігі жоғары мамандар, олардың қатарында ғылым, білім саласының мемлекеттік сыйақы лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен оқытушылар бар.

Студенттерді жаратылыстану-техникалық, қоғамдық-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық салалары бойынша дайындауда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заманауи мультимедиалық, компьютерлік сыныптармен жабдықталып, ауқымды кітапханамен қамтамасыз етілген.
Университет Сіздерге оқу-өндірістік және дипломалды өндірістік тәжірибеден өтуді еліміздің және қаламыздың алдыңғы қатарлы мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарында өтуге зор мүмкіндік ұсынады. Еуразия ұлттық университетінің студенттері тек терең білім алып қана қоймай, ой өрістерін дамытып, мәдениеттілік пен мобильділік, креативті әрі көшбасшылық қасиеттерге ие бола алады.

Бұл біздің болашақ жетістігіміздің кепілі болмақ.

Білім алу үдерісі


Құжаттар үлгісі




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 24.10.2017 / 13:54 ): www.enu.kz/oku/bakalavriat/index.php?print=Y