Жиі қойылатын сұрақтар

Неге ЕҰУ-дың докторантурасын таңдаймыз?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқу орны, жоғары деңгейлі мамандар мен әлемдік тәжірибе мен оқытудың қазіргі заманғы инновациялық технологиялары негізінде халықаралық ғылыми (Ph.D) докторлық бағдарламалар бойынша ғылыми кадрлар даярлайтын бірден-бір отандық білім беру саласының көшбасшысы. Дарынды жастардың шығармашылық өрісін кеңейту үшін ЕҰУ көптеген алдыңғы қатарлы ғылыми орталыпен бірігіп қызмет істеуде.

Докторантурада оқу үлгісі қандай?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да докторантурада білім алу күндізгі оқу үлгісімен жүргізіледі. Оқу мерзімі 3 жылды құрайды.

 

Докторантураға түсу барысында қандай талаптар ұсынылады?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білімі және кемі 1 (бір) жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматтарымен тең дәрежеде мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурс негізінде ЕҰУ-да ақысыз білім алу құқығына ие бола алады.

Басқа шетел азаматтары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың докторантурасына ҚР ратификациялаған халықаралық келісімшарт негізінде немесе ақылы негізде қабылданады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың докторантурасына «магистр» академиялық дәрежесі, ғылыми жетістіктері бар (ғылыми жарияланымдары, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардағы баяндамалары және қатысуы т.б.) және магистратураны ғылыми-педагогикалық бағытпен бітірген тұлғалар конкурс негізінде қабылданады.

 

Докторантураға қабылдау кай уақытта іске асырылады?

Құжаттар ағымдағы жылдың шілденің 3-і мен шілденің 31-і аралығында қабылданады. Шетел тілінен түсу емтихандары 10-15 тамыз аралығында, мамандық бойынша 16-20 тамыз аралығында өткізіледі, оқуға 25 тамызға дейін қабылданады.

 

Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ДОКТОРАНТУРАСЫНА түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Ректордың атына өтініш;

2) магистр дипломының көшірмесі;

3) жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шет тілінен тест тапсырғандығын растайтын сертификаттың көшірмесі (бар болса):

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемі 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемі 87), (TOEFL PBT шекті балл – кемі 560 балл), International English Language Testing System (IELTS, шекті балл – кемі 6.0);

Неміс тілі: Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/Cl деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau Cl/Cl деңгейі);

Француз тілі: Test de Français International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейінен кем емес), Diplôme d'Études en Langue Française (DELF, B2 деңгейі), Diplôme Approfondi de Langue Française (DALF, Cl деңгейі), Test de Connaissance du Français (TCF – кемі 400 балл).

5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және кадр бөлімімен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3x4 өлшемді алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиямен бірге);

8) отандық немесе шетелдік кеңесшілермен келісілген жоспардағы диссертациялық зерттеуге негіздеме;

9) мамандығы бойынша ғылыми зерттеу жұмысының негіздемесі

10) шет тілінен тестілеу өту үшін төлем түбіртегі;

11) пререквизит пәндерді тапсырғандығын растайтын құжат (егер бұрын тапсырған болса);

12) мақсатты даярлау тапсырысымен докторантураға түсуші тұлға оны бағыттаушы ұйымның атынан ұсынымхат әкеледі.

13) тезтікпе, 8 файл, конверт (А5).

 

Сонымен қатар көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

Докторантураға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру керек?

Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб/түрік тілін талап ететін мамандықтарға тапсырған тұлғалар үшін араб/түрік тілі);

Мамандық бойынша.

Шет тілі бойынша түсу емтиханы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім беру стандарты және «Ұлттық тестілеу орталығының» технологиясы бойынша жасалған тест негізінде тапсырылады.

 

ЕҰУ-дың докторантурасы қандай бағыттар бойынша мамандар даярлайды?

2009 жылдың қыркүйектің 1-інде бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру классификаторына сәйкес докторлар (PhD) 39 мамандық: педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық, жаратылыстану бағыты және көрсетiлетiн қызмет саласының бағыты бойынша даярланады:

 

Докторанттарға кім ғылыми жетекшілік етеді?

Докторанттарға ғылыми жетекшілікті республикамызда және шетелде кеңінен танымал атақты ғалымдар, сонымен қатар әлем университеттері және алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың шетелдік серіктестерімен іске асырылады. Бүгінгі таңда әлемнің 20 елінен 150-ден астам шетелдік ғалым жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды бірігіп даярлауға жұмылдырылған.

 

Докторантурада оқу қандай қосымша мүмкіндіктер береді?

Докторантурада оқу терең білім алу және ғылым саласына сәйкес философия докторы академиялық дәрежесіне ие болу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қоса әртүрлі халықаралық жобалар мен бағдарламаларға (Эразмус Мундус, ТЕМПУС, Фулбрайд, DAAD және т.б.) қатысуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен біліктілікті арттыруға қосымша гранттар алу мүмкіндіктерін береді.

 

Докторлық бағдарлам іске асқалы ЕҰУ қандай жетістіктерге ие болды?

Еуразия ұлттық университеті – докторанттарға академиялық еркіндік қағидасын енгiзуде және әлемнiң жетекші ЖОО-ның жоғары мамандандырылған кадрларды даярлау тәжiрибесiнен үлгi алуда мүмкiндiк беретiн «Қос дипломды білім беру» және «Академиялық ұтқырлық» бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы алғашқы жоғарғы оқу орны.

 

PhD дәрежесі не береді?

Өзін-өзі жүзеге асыруға, университеттерде ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуға, ғылымдағы мақсатқа жетуге, шетелдік әріптестермен серіктестік қатынас жасауға, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің ғалымдарымен тәжірибе алмасуына, біліктілікті жоғарылатуға арналған шетелдік тәжірибелерге, алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарда ғылыми зерттеу жүргізуге және дәріс оқуға, шет тілін менгерудің деңгейін ары қарай жетілдіруге, отандық және шетелдік университеттердің дипломын алуға (қос дипломдық білім беру жүйесі бойынша), мансаптық өсуге мүмкіндік береді.

 




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 16.08.2018 / 12:44 ): www.enu.kz/okuga-tusu/doktorantura/chasto-zadavaemye-voprosy/index.php?print=Y