Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар


Магистратураға құжаттарды қабылдау қашан басталады?

Магистратураға түсетін талапкерлердің өтініштерін қабылдау 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі. Азаматтарды магистратураға қабылдау кiрiспе емтихандарының қорытындысы бойынша байқау арқылы жүзеге асырылады.


Магистратураға құжаттарды тапсыру шарттары қандай? Түсу емтихандар қандай үлгіде және қашан өтеді?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) магистратурасына қабылдаудың осы Ережелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы «1» сәуір № 161 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау типтік ережелеріне» сәйкес жасалынды.

Өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі. Талапкерлер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырулары қажет

Магистратураға түсуші азаматтар түсу емтихандарын бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша тапсырады. Магистратураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі) және мамандық бойынша тапсырады. Шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша тестілеу түрінде тапсырылады. Емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, есепке алу 31 тамызға дейін. 


Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар үшін ЕҰУ магистратурасына түсу ережелері қандай?

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының тұлғалары Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары ғылыми-педагогикалық білім алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім ала алады (егер де олар білімнің осындай деңгейін біздің елде алғаш рет алатын болса).

Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттар мен келісімдер, сонымен қатар университетпен жасалған шарттар мен келісімдер негізінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистратурасына оқуға қабылданады.


Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS)тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады ма?

Шет тілінен тапсырылатын емтихан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім стандарты мен тестілеу Ұлттық орталығының әзірлеген технологиясы негізінде өтеді.

Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл – кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл – С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1), Diplome d’Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл – В 2), Diplome Approfondi de Langue аrancaise (DALF, шекті балл – С 1) Test de connaisances de francais (TCF, шекті балл – кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады. Мерзімі өтіп кеткен сертификаттар жарамсыз болып есептеледі.


Магистранттардыоқуға қабылдауқалай жүзеге асырылады?

Магистранттарды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының қосындысында шет тілі және мамандық бойынша кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 баллдық шкаласы бойынша) жинаған тұлғалар жіберіледі.


Магистранттар халықаралық жобаларға қатыса алады ма?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де магистратураның «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы жүзеге асырылады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге түскен магистранттар «ТМД Желілік университеті» бағдарламасына қатыса алады. Еуразия ұлттық университеті магистранттарының ТМД Желілік университеті аясында «Қос дипломды білім алу» бағдарламасы бойынша білім алуы 2009 жылдың 11 маусымындағы ТМД-да ЖУ құру туралы концорциумды мақұлдау негізінде жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда «Магистранттардың академиялық мобильділігі» бағдарламасы іске асырылуда.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 21.10.2017 / 09:13 ): www.enu.kz/okuga-tusu/magistratura/zhie-koylatin-suraktar/index.php?print=Y