Криминалистика кабинеті

Кабинет криминалистики www.enu.kzКриминалистика пәнінің оқу кабинеті 2004 жылдың желтоқсан айында қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының ұйытқы болуымен ашылды. Кабинет құрудағы мақсат - студенттерге криминалистикалық құралдар және техникасымен танысу, құқық қорғау органдарының алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті білім алу. Ал оқу үдерісі барысында ауызша оқытуды, интуицияны және басқа да қабілеттерді дамыту, қылмыстық сот ісі міндеттері аясында тәжірибелік криминалистиканың амалдары мен әдістерін қолдануды және үйренуді қалыптастыру.

Кабинетке оқу процесіне керекті трасологиялық сипаттағы техникалық және криминалистикалық құралдар қойылған:

Сот-балистикалық зерттеулердің объектілері есебінде суық және отпен атылатын қару үлгілері, сондай-ақ, 2004-2005 оқу жылы ішінде криминалистиканың жалпытеориялық, практикалық және оқу-әдістемелік сипатын, негізгі мазмұнын ашатын видеотека жиналды.

«Фоторобот», «Бейне», «Папилон» бағдарламалары белсенді қолданылуда. Кабинетте пәннің негізгі тараулары бойынша керекті криминалистикалық техникалар мен әдіс-тәсілдер көмегімен практикалық сабақтар өтіп жатады. Бұл студенттердің құқықтанудағы практикалық дағдысын қалыптастыруда зор рөл атқарды. 

Кабинет криминалистики www.enu.kz

2011 жылы криминалистика кабинетіне оқиға орнында қалған іздерді анықтау, тіркеу және айыру үшін 5 миллион теңгеге техникалық және криминалистикалық құралдары сатып алынды. Оқиға орнын тексеруге арналған криминалистикалық шабадандар (жинауышпен), криминалистикалық шабадандар (жинауышсыз), иіс іздерін анықтауға арналған құрылғылар, манекендер, компьтерлер мен мониторлар, Саnоn көп атқарымдық принтері, Canon, Nikon цифрлік фотоаппараттары, металл тексергіш, металл іздегіш құралдарын, камералы шырақ, электронды дальнометр, қол, дәрі, қан және т.б. іздерін анықтауға арналған түрлі реагенттер, аэрозольдер, дактилоскопиялық ұнтақтар (магнитті және магнитті емес), дактилоскопиялық қабықшалар, қол іздерін алуға арналған ленталер, микробөлшектерді анықтайтын қабықшалар, қарда, топырақта және тозаңда қалған іздерді өңдеуге арналған аэрозольдер.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 05.12.2019 / 08:20 ): www.enu.kz/studenttik-omir/ortalyktar/cabinet-criminalistiki/index.php?print=Y