Орталықтар

Мамандандырылған кабинеттер бойынша мәлiмет

Қазіргі таңда шығыстану кафедрасы жанында№ 2 оқу ғимаратында орналасқан екі мамандандырылған кабинет жұмыс істейді: кәріс тілі кабинеті (№703 каб.) мен Пәкістан мәдениет және тіл орталығы (каб. № 215). Аталмыш кабинеттер замануаи жабдықталған және білім алатын елдері бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерімен қамтылған шағын кiтапханалармен жабдықталған. Бұрын шығыстану кафедрасы жанында жапон, араб, иран тілдерінің мамандандырылған кабинеттері ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл кабинеттер №2 оқу ғимаратына ауыстырылған.

Түркітану кафедрасында түрік тілін оқытуда 3 мамандандырылған кабинет бар. Барлық кабинеттер техникалық жабдықтармен (компьютерлермен, проекторлармен, интеракативті тақталармен) қамтылған. Кітапханамен, түрік тілінде әдістемелік әдебиеттермен, оқулықтармен, сөздіктермен жабдықталған.  



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 05.12.2019 / 07:50 ): www.enu.kz/studenttik-omir/ortalyktar/index.php?print=Y