«Жас Отан» Жастар қанаты

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. Ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. Жастар қанатының құрамын 2015 жылғы есеп бойынша 250 мың адамды құрайды. «Жас Отан» Жастар қанаты Еуразия ұлттық университеті қабырғасында 2009 жылы құрылып, қазіргі таңда өз жұмысын жоғары дәрежеде атқаруда.

Атқарушы хатшысы: Болысбек Мұхамеджан Әбдіәшімұлы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және политология факультетінің 1 курс магистранты. 2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы «Жас Отан»ЖҚ атқарушы қызметін атқарып келеді.

Біздің мақсатымыз

«Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәні, қызметінің мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары

«Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәні - қоғамның саяси өміріне қатысу.
«Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады: Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдай жасау. «Жас Отан» ЖҚ — «Нұр Отан» партиясы саясатының белсенді іске асырушысы, елдегі жастардың жағдайын жақсарту және оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру бойынша іс жүзіндегі қадамдарды іске асыру орталығы.

«Жас Отан» Жастар қанатының мақсаты мен қызметі: - Қазақстан Республикасының жастарын жан-жақты дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және т.б. жағдайлар жасау, олардың рухани-адамгершілігін, интеллектуалды және физикалық күшін, әлеуметтік және экономикалық, саяси, құқықтық жағдайын, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты

Жастар жобалары мен бағдарламаларының бастаушысы; Басқару органдарында жаңа формацияда жұмыс істеушілердің резерві; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына өзгерту еңгізудің қозғаушы күші; Республикалық және аймақтық іс-шараларды ұйымдастырушы; «Нұр Отан» партиясының саясатын белсенді жалғастырушы; Еліміздегі жастардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудегі жұмылдыру ісі жөніндегі тәжірибелік қадамдарды жүзеге асыру орталығы.

«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:

· Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процесіне тарту;

· Жастардың бойында қазақстандық патритоитзм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

· Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;

· Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге-де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;

· Жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтап процестеріне тарту;

· Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыруға жәрдемдесу;

· Салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау;

· Жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;

· Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;

· Жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;

· Жастарды, аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;

· Уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;

· Дарынды жастарды іздеу, оларға көмек көрсету және ілгерлету;

· «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген олардың міндеттерін халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;

· «Жас Отан» ЖҚ мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Байланыс

Мекен-жайы: Жумабаева 14/1

Телефон: 87024870907

E-mail: zhasotan_nur@mail.ru



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.12.2019 / 15:53 ): www.enu.kz/studenttik-omir/zhas-otan/index.php?print=Y