Creotalents

  


Жоба жаңалықтары

Әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыз: Facebook, ВКонтакте

CREOTALENTS – Британдық Кеңес қаржыландыратын Creative Spark: Higher Education Enterprise бағдарламасының бір бөлігі.

Creative Spark: жоғары оқу орындарына арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарлама келесі 9 бағытта жүргізіледі:

· Жарнама және маркетинг: маркетинг және сатылымдар жөніндегі директорлар, жарнама және жұртшылықпен байланыс жөніндегі директорлар, жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар, аккаунт-менеджерлер және жасампаздық жөніндегі директорлар, маркетинг жөніндегі кіші мамандар;

· Сәулет: сәулетшілер, қала құрылысы жөніндегі басшы деңгейдегі мамандар, аккредиттеуден өткен сәулетші технологтар, сәулет және қала құрылысы жөніндегі техникалық мамандар;

· Безендіруші қолданбалы өнер мен кәсіптер: ұсталар мен қалыптаушылар, тоқымашылар мен тоқушылар, шыны үрлеушілер мен қыш мамандары, безендірушілер мен әрлеушілер, жиһаз жасаушылар мен басқа ағаш өңдеушілер, білікті еңбектің басқа санаттарға жатқызылмаған өзге түрлері;

· Дизайн (өнім дизайны, графикалық дизайн және сән дизайны): дизайнер-баспахана мамандары, өнім, киім және басқа тауар дизайнерлері;

· Кино, телевидение, бейнежазба, радио және фотосурет: көркемдік жетекшілер, продюсерлер, режиссерлер, фотосуретшілер, дыбыстық-көрнекі техниканың және хабар тарататын жабдықтың операторлары;

· Ақпарат және телекоммуникациялар, бағдарламалық жасақтама және компьютерлік қызметтер көрсету: ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар жөніндегі директорлар, ақпараттық технологиялар саласындағы бизнес-талдаушылар, сәулетшілер және жүйе жасаушылар, бағдарламашылар және бағдарламалық жасақтама жасаушылар, веб-дизайн және әзірлеуші мамандар;

· Баспа ісі: газеттердің және басқа мерзімді басылымдардың журналистері, редакторлары мен авторлары, жазушылар мен аудармашылар;

· Мұражайлар, галереялар және кітапханалар: кітапханашылар, мұрағатшылар және кураторлар;

· Музыка, орындаушылық және көрнекі өнерлер: суретшілер, әртістер, актерлер, орындаушылар, бишілер мен хореографтар, музыканттар.


Creative Spark – бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен жеті елде, соның ішінде Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда), Оңтүстік Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузияда) және Украинада кәсіпкерлік машықтарды және креативті экономиканы дамыту мақсатымен халықаралық университеттерге қолдау көрсету және халықаралық әріптестіктерді дамыту жөніндегі бес жылдық бастама.

CREOTALENTS жобасы кәсіпкерлік дағдыларды үйреніп, таланттарды жаңа деңгейге көтергісі келетін шығармашылық тұлғалар мен студенттерге арналған алаң болуға бағытталған.


Грант үйлестіруші: Бирмингем Университеті, Ұлыбритания.

Европалық серіктес: Оксфорд Брукс Университеті, Ұлыбритания.

Ортаазиялық серіктес: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: қараша 2018 - шілде 2019 жж.

Жоба мақсаты – шығармашылық талантты тұлғаларға іскерлік әлемде табысқа жету, зияткерлік меншікті дамыту және қорғау, жаһандық топтық жобаларда жұмыс істеу, жергілікті және корпоративтік клиенттермен серіктес болу, олардың әсерін, мойындауын және пайдасын арттыру.

Біздің әлеуетімізді дамыту стратегиясы үш негізгі қағидамен анықталады:

• Шығармашылық кәсіпкерлер бизнес дағдыларын дамыта алатын көп салалы сандық платформа ұсыну.

• Шығармашылық кәсіпкерлерді клиенттер мен инвесторларды тарту үшін фрилансер немесе кішігірім фирмалар ретінде өз таланттарын көрсету.

• Шығармашылық кәсіпкерлерге өздерінің жобаларын көрнекілендіруді арттыру үшін көрсету.

Біздің көзқарасымыз:

Кәсіпкерлік нәтижелері: Бұл жоба нақты өмірде идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік негіздерінен краудфандинг пен виртуалды қолдаумен іс жүзінде тәжірибеге дәйекті түрде өту үшін күндізгі, онлайн және тәлімгерлік іс-әрекеттерді үйлестіретін инновациялық аралас оқу тәжірибесін ұсынатын болады.

Тренинг нәтижелері: Бұл ынтымақтастық Ұлыбритания, Қазақстан және Орта Азия университеттерінің оқытушылары арасында кәсіпкерлік тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Халықаралық топтармен бірге ғылыми қауымдастық пен өнеркәсіп арасында оқытудың жаңа форматын тәжірибелік қолдану барлық қатысушылардың өздерінің студенттерін оқыту және олармен тиімді жұмыс істеуі үшін жоба нәтижелерін үйрену және өз оқу орындарында бейімдеу пайдалы болады.

Зерттеу нәтижелері: Бұл жоба сандық айырбас экономикасы үшін шығармашылық салаларға мамандандырылған жетекші стандартты ұсыну мақсатына бағытталған ұзақ мерзімді мұраны дамытуға арналған. Бұл болашақ зерттеу жұмыстары мен гранттық жобалардың мақсаттары үшін шығармашылық кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі туралы ой толғаулар мен осы жобадан алынған деректерді жинау мен талдау арқылы жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік нәтиже: Бұл жоба ғалымдарға шығармашылық салаларда кәсіпкерлердің таңдаулы топтарын дайындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ірі фирмалар өз жобаларына тарту үшін жүгіне алатын фрилансерлер мен стартаптар үшін өздерінің алғашқы дерекқорын құруға мүмкіндік береді. Бұл бәсекелестік ортаны емес, керісінше бірлескен жұмысты қалыптастыра отырып, кіші және ірі компаниялар арасындағы алшақтықты қысқартады.

Саяси нәтижелері: Бұл жоба кәсіпкерлікті экономикалық тұрғыда дамудың қуатты құралы және шығармашылық салаларда жас ұрпаққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ретінде оқытуға назар аударады. Біз стартаптар мен инкубаторларға, шығармашылық экожүйелерге арналған кәсіпкерлік хабтарына көбірек қаржы жұмсау үшін саясатқа ықпал етуге тырысамыз.

Платформа – шығармашылық тұлғалар мен студенттерге кәсіпкерлік дағдыларын үйреніп, өз талантын келесі деңгейге көтеру үшін арналған орын. Шығармашылық кәсіпкерлерге арналған 5 арнайы курсты әзірледік:

1. Шығармашылық бизнесті бастау

2. Зияткерлік меншік және маркетинг

3. Шығармашылық ұжымдар мен жобалар

4. Қаржы және инвесторлар

5. Корпоративтік серіктестерге арналған фриланс

Бұдан басқа, осы платформада біз сіздің фрилансер (қашықтықтан жұмыс істеуші) ретінде профиліңізді кеңейтуге мүмкіндік береміз. Сіз Фриланс парақшасында өз дағдыларыңыз бен тәжірибелеріңізді көрсете аласыз, сонымен қатар әлеуетті клиенттер мен инвесторлар үшін жобаларыңызды Жобалар парақшасында ұсына аласыз.

https://www.creotalents.com платформасында тіркеліп, курстарды өтуге болады.

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жайдан ала аласыз: Астана қ., Қажымұқан к., 13/1, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ Start-Up ғимараты, CACTLE кәсіпкерлік орталығы, 306 кеңсе немесе келесі телефон нөмірлерге хабарласыңыз: +7 (7172) 709500 (ішкі.: 31361), +7 701 7503878.




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 15.03.2019 / 03:30 ): www.enu.kz/yntymaktastyk/creotalents/index.php?print=Y