news-10

2019 ж. 15 сәуірде Hilton Garden Inn қонақ үйінде Сreative Spark - British Council бағдарламасының Creotalents жобасы аясында креативті индустрия және кәсіпкерлік форумы өткізілді.

Форум ұымдастырушылары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ CACTLE кәсіпкерлік орталығы, Бирмингем университеті (Ұлыбритания) және Оксфорд Брукс университеті (Ұлыбритания).


Форумға қатысушылар:

Доктор Эндрит Кромида, Бирмингем Университеті

Профессор Левент Алтынай, Оксфорд Брукс Университеті

Доктор Армияш Нұрмағамбетова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ CACTLE орталығының жетекшісі

Галина Корецкая, Орталық Азиядағы British Council өнер және креативті экономика бойынша жобалардың жетекшісі

Айтжамал Мансурова, Creative Spark British Council жобасының менеджер

Joseph Kenneth Ziegler – «Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі» КФ Бас директоры

Сейсенғали Қалиақпар, «KazFranch» Қазақстандық Франчайзинг Қауымдастығы

Жанар Ермаханбетова, Нұр-сұлтан қ. «Даму» Қорының өкілі.

Әйгерім Қапар, Artcom шығармашылық алаңының және Art Collider ашық білім беру жобасының негізін қалаушы.

Арайлым Молдақұмар, «Astana Hub» өкілі

Данил Дюков, «Strategy partners» компаниясының өкілі

Руслан Рахымбай, «QAZAngels» компаниясының директоры

Азамат Құдайбергенов, «Атамекен» ҰКП өкілі

Ольга Веселова, «Eurasian Cultural Alliance» жетекшісі.

 

Кездесу Қазақстанның креативті индустриясын дамыту саласындағы академиялық орта, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар мен одақтар арасындағы пікірталас алаңына айналды.

Іс-шараның модераторы Армияш Нұрмағамбетова креативті индустрияның әлеуетін дамытуда кәсіпкерлік дағдылар мен кәсіпкерлік ойлаудың маңыздылығы мен рөлі туралы сөз қозғады.

Доктор Эндрит Кромида «Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық кәсіпкерлер» тақырыбында презентация жасады.

Креативті индустриялар мен кәсіпкерліктің стратегиялық жаһандық көрінісі туралы профессор Левент Алтынай баяндады.

Қазақстандағы Британ Кеңесінің өкілі Галина Корецкаяның презентациясы креативті экономикаға, экономикадағы креативті бағыттарға арналды.

Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау мүмкіндіктері туралы ҰКП Атамекен және Даму Қорының өкілдері баяндап берді.

Отандық франшизаларды қалай дамытуға болады, оның ішінде креативті индустрия саласында Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығының өкілі айтып Сейсенғали Қалиақпар берді.

Сондай-ақ, «Eurasian Cultural Alliance» жетекшісі, «Strategy partners» компаниясының өкілінің және т.б. баяндамалары тыңдалды.

Панельдік талқылауда Қазақстандағы креативті индустрияның әлеуеті, шығармашылық кәсіпкерліктің экожүйесін және болашақ өзара іс-қимылды анықтауға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында профессор Левент Алтынай талқылау қорытындысын шығарып, Creotalents командасының бірнеше ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстарда креативті секторды қаржылық және қаржылық емес реттеу тетіктері арқылы мемлекеттік қолдауға, Жібек жолы мен Еуразиялық одақты дамыту мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше орын бөлінді.




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 03.05.2019 / 17:57 ): www.enu.kz/yntymaktastyk/creotalents/zhoba-zha-aly-tary/news-10.php?print=Y