FAQ

Мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқитын шетел студентімін. Көші-қон полициясына тіркеуге тұру үшін не істеуім қажет?

Ол үшін Сізге Қазақстан Республикасының аумағына кірген уақыттан бастап 3 жұмыс күні ішінде, Астана қаласының Көші-қон полиция басқармасында төлқұжатыңызды тіркеу мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қызметті дамыту бөліміне келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

- төлқұжаттың түпнұсқасы;

- көші-қон карточкасы;

- факультет деканатынан анықтама;

- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түскені туралы бұйрықтың көшірмесі (Студенттермен жұмыс жасау бөлімінен алынады, Оқу-әкімшілік ғимаратының (бас ғимарат) 178 кабинеті);

- өзі туралы байланыс ақпараты: тұрғылықты мекен-жайы, үй және ұялы телефон нөмірлері, e-mail.


Халықаралық бағдарламалар туралы қалай білуіме болады?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық білім бағдарламалары туралы қажетті ақпарат беретін Халықаралық білім бағдарламалары бөлімі жұмыс жасайды. Байланыс ақпараты: ЕҰУ-дың бас ғимараты, 403 кабинет, тел: +7(7172) 709489, 31405 (коммутатор: 709500)


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түсу талаптары қандай?

ЕҰУ-ге оқуға қабылдау азаматтардың арыздары бойынша Бірыңғай ұлттық тестілеудің (БҰТ) немесе кешендік тестілеудің (КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттың баллына сәйкес, байқау негізінде жүзеге асырылады.

Шығармашылық мамандық таңдаған талапкерлер үшін қосымша шығармашылық емтихандары өткізіледі.


Осы жылы магистратураға оқуға түскім келеді. Магистратураның бейіндік бағыты мен ғылыми-педагогикалық бағытының айырмашылығы неде?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистрлерді екі: бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттарда даярлайды.

Бейіндік магистратура қолданбалы бағытта жүзеге асырылады, барлық пәндер мамандарды кәсіби дайындауды тереңдетуге мақсатталған. Бейіндік бағыттағы магистратурада оқып жүріп, жұмыс істеуге болады, алайда сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Оқу мерзімі – 1-1,5 жыл (мамандыққа байланысты).

Егер Сіз болашақта ғылыми-зерттеу жұмысымен және сабақ берумен айналысатын болсаңыз, онда Сізге ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсу қажет. Бұл бағыттың білім беру жоспарында сағаттардың көп бөлігі ғылыми-зерттеу жұмысына, педагогикалық бағыттағы пәндерге берілген. Болашақта ғылыми-педагогикалық бағыттағы «Магистр» дәрежесін алғаннан кейін, Сіз оқуды жалғастырып, PhD докторантураға түсе аласыз.

Егер Сіз бейіндік бағыттағы магистратураны тәмамдасаңыз, бірақ зерттеу жұмысымен айналысқыңыз немесе білім беру бағытта қызмет еткіңіз келсе, онда Сіз педагогика және ғылыми-зерттеу циклының пәндері бойынша кредитттерді қосымша оқып, дипломға қосымша ала аласыз.


Магистратураға қабылдау 2012 жылы қай уақытта басталады?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына оқуға түсушілердің арыздары 20 маусым мен 20 шілде аралығында қабылданады.


Шетел азаматтары магистратураға оқуға түсу үшін қандай емтихандар тапсырады?

Магистратураға оқуға түсетін шетел азаматтары келесі емтихандарды тапсырады:

1) қазақ тілі немес орыс тілі (оқу тілі)

2) мамандық бойынша ауызша емтихан


Шетел студенттеріне жатақхана беріледі ме?

Еуразия ұлттық университетінің жатақханасында тек Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың студенттері ғана тұра алады.

Жатақханадағы бөлме ақысы айына 60 000 теңге (405$). Бөлме екі адамдық, дәретхана мен душ бөлмеде орналасқан. Төсек-жабдық беріледі. Ортақ асхана мен душ бөлмелері әр дәлізде орналасқан.

Студенттер желісіз Интернет қолдана алады.


PhD докторантураға оқуға түсу талаптары қандай?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың PhD докторантурасына жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар (магистратура) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Өзге елдің азаматы болып табылатын ұлты қазақ тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде, байқау негізінде мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ақысыз білім ала алады.

Өзге шетел азаматтары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың PhD докторантурасына Қазақстан Респуликасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде қабылданады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің PhD докторантурасына байқау негізінде «магистр» академиялық дәрежесіне ие, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураны тәмамдаған, ғылыми жетістіктері бар (ғылыми басылымдар, баяндамалар мен халықаралық және республикалық конференцияларда және т.б. оқыған баяндамалар) тұлғалар қабылданады.


PhD докторантураға қабылдау қай уақытта жүзеге асырылады?

PhD докторантураға түсетін тұлғалардың арыздары жыл сайын 20 маусым 20 шілде аралығында қабылданады. Түсу емтихандары 1-20 тамыз аралығында өткізіледі.


Түсу емтихандарын тапсыру кезінде шетел азаматтары үшін ерекше талаптар бар ма?

Докторантураға оқуға түсетін шетел азаматтары қазақ тілі немесе орыс тілі (оқу тілі) және мамандық бойынша емтихан тапсырады. Шет тілінен тапсырылатын кешенді емтихан халықаралық тестілер (TOEFL, PET, FCE (ағылшын тілі), DELF (француз тілі) Zertifikat deutch (неміс тілі) негізінде құрастырылады.


PhD докторантурада оқу қандай қосымша мүмкіндіктер береді?

PhD докторантурада оқу тек терең білім алу мен ғылымның сәйкес саласы бойынша философия докторы академикалық дәрежесіне ие болу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар түрлі халықаралық жобаларға, бағдарламаларға (Эразмус Мундус, ТЕМПУС, Фулбрайд, DAAD және т.б.) қатысу мен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге және біліктілікті арттыруға арналған қосымша грантқа ие болу мүмкіндігін береді.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 11.12.2017 / 20:58 ): www.enu.kz/yntymaktastyk/faq/index.php?print=Y