Jean Monnet Program



«Еуропалық дипломатия Жан Моне Кафедрасы» жобасы


Жоба тақырыбы: «Еуропалық дипломатия Жан Моне Кафедрасы»

Жалғастыру: 01.09.2018 г. - 31.08.2021 г.

Жоба координаторы: Медеубаева Ж.М.

Ресми сайт: http://jean-monnet-chair-evrodip.enu.kz

Л.Н. Гумилев ЕҰУ-дің жобалық қатысушылары:

Жобаның проректоры - Сомжүрек Б.Ж. - Халықаралық қатынастар және инновациялар жөніндегі проректор

Жұмыс тобы:

Жолдасбекова А.Н. - Халықаралық қатынастар факультетінің деканы

Азмуханова А.М. - Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі

Оспанов А.Н. - Аймақтану кафедрасының меңгерушісі

Таштемханова Р.М. - тарих ғылымдарының докторы, Аймақтану кафедрасының профессоры

Величков К. - халықаралық қатынастар бойынша сырттай профессоры

Токар П.В. - Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры

Жанбулатова Р.С. - Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы

Кенжалина Г.Ж. - Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы

Оралов А.Р. - Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы

«Жан Моне ЕВРОДИП» кафедрасының негізгі мақсаты – еуропалық құндылықтардың,  еуропалық  интеграция мен дипломатия идеяларын елімізде және Орталық Азияда, жалпы еуразиялық кеңістікте одан ары насихаттау мен таратуға академиялық қолдау көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

Білім беру қырында:

- Жоғары оқу орындарынданың  студенттерінде Еуропалық интеграция және дипломатияның дамуы мен жетістіктері, мәселелері бойынша пайым, терең білім қалыптастыру.

Ғылым қырында:

- Еуропалық дипломатия мен сыртқы саясат мәселелері  бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы университеттеріндегі  зерттеулерге одан ары  түрткі болу.

Әдіснемелік қыр:

-  Қазақстан жоғары оқу орындарында Еуропалық дипломатия  мәселелері  бойынша жүргізілетін пәндердің сапасын  оқытушыларға өзекті ақпаратты ұсыну, әдістемелік қолдау көрсету арқылы көтеру.

Ақпараттық қыр:

- Еліміз бен Орталық Азия аймағында европалық құндылықтарды бойға сіңіру, Еуропалық Одақтың жетістіктерін тануға  қолда бар медиа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сеп болу.

Алдыға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін барлық келемін деушілерге арнап еуропалық дипломатияның дамуы мен өзекті мәселелері бойынша дөңгелек стол, вебинар, жазғы мектеп пен қашықтан оқыту курстары жоспарланған. Бұл шаралар барысында аймақтық университеттер оқытушыларына ерекше мән беріледі. Кафедраның қызметінде оқытушылар мен студенттердің академилық ұтқырлығы, білім мен тәжіребие алмасу, аталмыш тақырып бойынша ғылыми зерттеу жүргізу, жас ғалымдардың шығармашылығы, жаңашыл тәсілнемелерді оқу үрдісіне енгізу  басты назарда болады. Студенттердің еуропалық дипломатия тақырыбында жазылған жұмыстарының конкурсы жастар арасында қызығушылық тудырады деп кутілуде. Жан Моне кафедрасының барлық қызметі, іс шаралары ақпарат құралдарында көрініс табады.

Ең бастысы Жан Моне кафедрасының  академиялық белсенділігі студентке бағытталған және мәслелі оқыту әдістерін енгізуді ілгерілетеді. Осының бары Еуразия ұлттық университетінің түлектерінің еңбек нарығындағы артықшылықтарын үстемелеп, кәсіби, мансаптық өсулеріне сеп болады деп ойлаймыз.




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 16.09.2019 / 17:02 ): www.enu.kz/yntymaktastyk/halykaralyk-granttar/erasmus-mundus/jean-monnet-program/index.php?print=Y