Программа академического обмена «Мевлана»


Мевлана академиялық алмасу бағдарламасы ЕҰУ мен Түрік серіктес университеттер* арасында студенттері оқытушыларымен алмасуды көздейді және Түрік жоғары білім кеңесі тарапынан жартылай қаржыландыруда негізделген.

Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу талаптары

Білім алушыларға:

• Айлық стипендия 900-1000 түрік лирасы;

• Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;

• Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);

• GPA: BA 2.5-тен кем емес; MA, PhD - 3.00-ден кем емес;

Оқытушыларға:

• Күніне 40-50 түрік лирасы;

• 3000-ға жуық түрік лирасын жол шығындарды өтеу;

• Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;

• Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);

• Резюме, жарияланымдар тізімі, дәріс/семинар жоспары;

• Оқытушы аптасына кемінде 6 сағат дәріс оқуы керек;

Барлық құжаттар Mevlana_Full_name_student /teacher деп аталатын 1 PDF форматында mevlana.enu@gmail.com электронды поштасына жіберілуі керек (байланыс деректері: Әлия Омарханова, 31-419, 407 каб., ОӘК).

Дұрыс толтырылмаған және қол қойылмаған анкета қабылданбайды.

Мевлана бағдарламасының шарттары

 - Студент кафедра эдвайзері немесе факультеттің халықаралық ынтымақтастық координаторының көмегімен университетті таңдап, оқу протоколын (протокол) дайындайды.

* Серіктес университеттің пәндер тізімін университет сайтында немесе Мевлана бағдарламасының координаторына хабарласып алуыңыз қажет.

- Жатақхананы іздеумен қатысушы өзі айналысады, бағдарлама да университет те жатақханаға кепілдік бермейді.

- Студенттер мен оқытушылар Түркияда бір айдан астам уақыт тұру үшін виза немесе тұруға рұқсат алу керек.

- Студенттер мен оқытушылар Түркияда жарамды халықаралық сақтандыру компаниясының сақтандыру полисіне ие болуы керек. Университет пен бағдарлама сақтандыруды қамтамасыз етпейді. Түркияда тұруға рұқсат алу үшін сақтандыру міндетті түрде қажет.

* Құжаттарды қабылдау туралы хабарландырулар ақпан-наурыз айларында «Платонус» жүйесінде орналастырылады.

Серіктес университеттер*

Akdeniz University  http://www.akdeniz.edu.tr/

Bayburt University  www.bayburt.edu.tr

Bogazici University  www.boun.edu.tr

Çankırı Karatekin University   http://karatekin.edu.tr/

Dokuz Eylul University http://www.deu.edu.tr/

Eskişehir Osmangazi University  https://ogu.edu.tr/

Hacettepe University  http://www.hacettepe.edu.tr/  

Hitit University http://www.hitit.edu.tr/

Istanbul University   http://www.istanbul.edu.tr/_

Kastamonu University https://www.kastamonu.edu.tr/index.php/tr

Kocaeli University   http://www.kocaeli.edu.tr/

Nigde Omer Halisdemir University  ohu.edu.tr

Suleyman Demirel University  http://w3.sdu.edu.tr/

Pamukkale University  pamukkale.edu.tr



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 19.01.2019 / 17:24 ): www.enu.kz/yntymaktastyk/halykaralyk-granttar/programma-mevlana/index.php?print=Y