Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


07.10.2013

Қазақстанда Башқұртстан Республикасының күндері өтеді

«Қазақстан Республикасындағы Башқұртстан күндері» бағдарламасында - қабылдаушы тараптың ресми тұлғаларымен, кәсіпорындар басшыларымен іскерлік кездесулер және келісөздер, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қонақтарға РФ ең қуатты субъектілерінің бірі - Башқұртстан Республикасының инвестициялық, өнеркәсіптік және интеллектуалдық әлеуеті ұсынылмақ. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту үшін нормативтік-құқықтық инфрақұрылымды құруға мүмкіндік беретін жаңа заңдарға ерекше назар аударылатын болады.

Сапар шеңберінде аймақ басшысы Рүстем Хамитов Қазақстан жастарымен кездесу өткізеді және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқиды.

Тұсаукесерге қатысушылар үшін М. Гафури атындағы Башқұртстан мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» пьесасы бойынша спектакль қояды. 8-ші қазанда Әлеуметтанушылар қауымдастығының «Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының әлеуметтік кеңістігін дамыту келешегі» атты дөңгелек үстелі барысында гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланатын болады.

10 қазанда республикалардың бизнесмендері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да «Қазақстан Республикасының мұнай және табиғи газ өндіру, тасымалдау және өңдеу ісіндегі алдыңғы қатарлы технологиялары» пікірталас алаңында ынтымақтастықтың болашағын талқылайды. Сондай-ақ, олар өздері көргісі келетін кәсіпорындарды және KAZENERGY VIII Еуразиялық форумының «Жасыл» технологияларды және инновацияларды алға жылжыту» шеңберінде өтетін көрмені аралап көреді.

Сонымен қатар, ресми сапар шеңберінде БР Үкіметі Премьер-министрінің орынбасары Салават Сағитов Астананың Бейбітшілік және келісім сарайы кітапханасына 60-қа жуық кітапты тапсырады, сондай-ақ, Ресей ғылым және мәдениет орталығының (Ресей ынтымақтастығы) басшысымен кездеседі.

«Қазақстан - біздің стратегиялық серіктесіміз. Бүгін Астанадағы Башқұртстан өкілдігі біздің кәсіпорындарымызға Қазақстан нарығында жұмыс істеуге, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы ынтымақтастықты үйлестіруге көмек көрсетуде. Біздің ЖОО, кәсіпорындарымызға, шағын және орта бизнеске 2015 жылы Уфада өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттері қарсаңында өзекті ынтымақтастық белсенділігін арттыруға дем бергіміз келді. Қазақтар - бауырмал халық, біз мәдениетіміз жақын, бір-біріміздің тілімізді өте жақсы түсінеміз. Қазақстанда Ресейге деген қарым-қатынас ерекше. Біз мұны бағалаймыз! Тұсау кесер жемісті болады, түпкі қорытындысында екі елдің экономикалық көрсеткішіне ықпал етеді, бірлескен жобалар іске асырылады деп сенеміз», - деді БР Үкіметі Премьер-министрінің орынбасары Салават Сағитов.


Источник:  http://www.inform.kz/kaz/article/2595363

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 07:08 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/22491/index.php?print=Y