Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


25.10.2013

Қазақстан тарихшыларының II конгресі

Бұл ретте шетел мұрағаттарындағы деректерді тиімді пайдалануға тиіспіз. Өйткені, қазақтың тарихын жазуда Кеңес үкіметі тұсында кеткен кем-кетік көп. Осымен екінші мәрте бас қосып отырған ел тарихшылары осындай тұжырым айтты. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында тарихшылардың ІІ Конгресі бүгін Астанада басталды.

Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан, саналы ұрпақ қалыптастыру үшін қазақ тарихының жілігін шағып, майын ішкендер жиын барысында қазіргі тарих төңірегіндегі мәселелерді тізді. Рас, соңғы кезде ауқымды шаралар атқарылды.

Мәселен,соңғы 4 айдың ішінде тарихқа қатысты газет-журналдарда 400-ден астам, ал электронды құралдарда 800-ге жуық мақала шығыпты. Күнделікті жаңалық, бағдарламалардан көрсетілген телесюжеттер саны 500-ден асқан.

400 тарихшының басын қосқан ІІ Конгресс аясында да «Халық тарих толқынында» мақалалар жинағының тұсауы кесілді. Тиражы - 3000 дана.

Ерлан Сыдықов, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің төрағасы:

Ғылыми жинақтардың сериясын бастадық. Тарихшылар Конгресі аясында солардың рұқсатымен тарихшылардың талқысынан кейін шығарылатын болады.

Әйтсе де, БАҚ беттеріндегі мақала ұлттық тарихты ұлықтауда аздық етеді. Сондықтан, мемлекет тарихшыларымызды шетел мұрағаттарын ақтарып, дерек жинауға жіберуде. Сол деректердің бірқатары бүгін көрмеге қойылды.

Жантегін Қаржаубайұлы, археолог:

Бұл ескерткіш «Алты алаш» деген ұғымды білдіреді.

Тек бұл емес, байырғы түркі дәуіріне сай құндылықтар көп.

Әсем Изатқызы, тілші:

Бұл сонау V ғасырдың домбырасы. Мұны Моңғолияда бір малшы қой бағып жүріп тауып алған көрінеді. Бұл - ғылыми көшірмесі, ал түпнұсқасы Моңғолияның орталық мұражайында тұр. Байқасаңыз, пернесінің қасында «Жұпар күй бізді сүйсіндіреді» деп жазылған. Осыдан-ақ күмбірлеген күй өнерінің бабалар заманынан келе жатқанын аңғаруға болады.

Әрине, бір Конгрестің аясында, я бір шетелдік дереккөздермен тарихқа қатысты барлық мәселені шешіп тастау мүмкін емес. Өйткені, ұлттық тарих - ұлттың болмысы. Сондықтан, тарихшылар алдында талай жұмыс тұр.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ


Источник:  http://www.kazakstan.kz/kaz/news/culture/Ulttik_tarih_-_ult_bolmisi_id1382702712.html

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 07:18 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/23013/index.php?print=Y