Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


24.02.2014

Ғылым саласындағы заңнаманы өзгерту керек



Білім және ғылым министрі ғылым саласындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Министрдің айтуынша, өзгертулер ғылымның экономика мен инновацияға іс жүзінде араласуына, сондай-ақ, елімізде ғылым саласының қарқынды дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, ұлттық ғылыми кеңестер қызметін жетілдіру, ғылыми мамандар даярлау жүйесін жақсарту да ғылым саласын дамытудың негізгі тетіктері екендігін қадап айтты.

Сондай-ақ, бүгін Сенат депутаттары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ядролық физика және инженерлік зертханасын аралады. Мақсат - аталған жоғары оқу орнында ғылымның дамуы мен білім саласында жеткен жетістіктерімен танысу.

Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылымкомитетінің төрағасы:

Біз бірнеше университтің ғылыми жетістіктерін көрдік. Ғалымдардың айтып жатқан мәселелері бір. Ғылыми жұмыстар жасалуда, бірақ, олардың өндіріске енгізілуі, қолданылуы жағынан аздап кедергілер бар екендігін айтуда.

Айдана ҮСЕНБАЙ


Источник:  http://kaztrk.kz/kaz/society/Gilim_salasindagi_zannamani_ozgertu_kerek_id1392978616.html

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 11:22 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/26144/index.php?print=Y