Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


24.02.2014

Жас университеттің жарқын жетістіктері

Еліміздің маңдайалды оқу ордасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жар салып айтуға тұрарлық жақсы жаңалық көп.

Қай бағытта да үнемі ілгерілеу үстінде келе жатқан Еуразия ұлттық университеті білім беруді бағалау бағытындағы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық ком­паниясының соңғы QS Top 50 Under 50 рейтингісі бойынша да үздік елулікке енген болатын. Рейтингіге әлемнің құрылғанына жарты ғасырдан аспаған мыңдаған ЖОО қатыстырылып, оның ішінен озық үлгідегі 50 оқу орны іріктелініп алынған. ЕҰУ елулік арасынан 32-ші орынға табан тіреді. Олардың арасында Гонконг, Оңтүстік Корея, АҚШ, Испания, Австралия, Швеция, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, Германия, Аргентина, Италия, Франция және Сауд Арабиясы сынды елдердің алдыңғы қатарлы білім ордалары бар. Айта кету керек, ЕҰУ – үздіктер қатарына іліккен ТМД мемлекеттері арасындағы бірден-бір жоғары оқу орны.

Университет ұжымының ме­рейін асырған тағы бір қуанышты хабар – әлемдегі университеттердің веб-сайттарына жүргізілген Вебометрикс рейтингісіндегі көр­сеткіш. Бұл саралауда ЕҰУ дүние­жүзі бойынша 22 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары ішінен 2213-ші, Азия елдерінің оқу орда­лары арасында 729-шы орынға көтерілді. Университет былтырғы жылғы тізімде 4006 болып тұр­ғандығын ескерсек, биыл 1793 орынды артқа тастап, дамудың нақ­ты үлгісін танытып отыр.

«Webometrics Ranking World Universities» (Вебометрикс) уни­верситеттік веб-сайттардың рей­тингісі Интернет желісіндегі білім және ғылым қызметтерін оқы­ту­мен айналысатын Испа­ния­­ның «Laboratorio de Internet» зерттеу то­­бы та­ра­пынан жүргізіледі. Webometrics рейтингісі университеттегі ға­лам­тор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарының зерт­теу еңбектерін, оларға жасалған сіл­темелерді, тағы да басқа көрсет­кіштерді ескеріп, ЖОО-ның ғы­лыми-зерттеу әлеуетін басты нысанада ұстайды.

Аталған жарқын жетістіктер жас университеттің білім беру дең­гейінің, ғылыми белсенділігінің арта түскендігінің, әлемдік стан­дарт­тарға сай қарқынды дамып келе жатқандығының айқын көрінісі.


Источник:  http://egemen.kz/?p=20445

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 17:52 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/26146/index.php?print=Y