Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артады
Қазақстандық жоғары оқу орындары автономиялық басқаруға көшсе, онда оның басшысын да мемлекет емес, тиісті бақылаушы органдар сайлайды, дейді Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. Оның айтуынша, еліміздегі жетекші университеттер өзін-өзі басқаратындай дәрежеге жетіп отыр.
Ерлан СЫДЫҚОВ, ЛЕВ ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
- Белгілі бір уақытқа дейін ЖОО дамуының кезеңінде мемлекеттің араласуы, мемлекттің көмегі өте қажет болады. Ал, дамудың жоғарғы кезеңінде бұл көмек, бұл араласу бөгет бола бастайды. Яғни, мемлекеттің араласуын қоғамдық бақылаумен алмастыруымыз керек.
Жиында сондай-ақ, ректор алдағы уақытта ғылымға бөлінетін қаржы көлемінің артатындығы аталған салаға революция алып келу мүмкін деді. Бүгінгі таңға дейін ғылымға бөлінген қаржы ішкі жалпы өнімнің 0,16 пайызын құраған. Енді ол 20 есеге дейін артуы мүмкін.
Ерлан СЫДЫҚОВ, ЛЕВ ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
- Технологиялық революция әкелуі мүмкін мұндай үлкен қаражат. Осыншама қаржы, осыншама саяси қолдау ол сөз қазақ ғылымын, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттырады.
Ғылымға бөлінген қаржы 20 есеге көбейді. Бұл отандық ғылымның дамуына серпін береді. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов осылай деп мәлімдеді. Білім саласының өкілдері Елбасы жолдауының басты мақсаты дамыған отыз елдің қатарынан табылу екендігін айтты. Ол үшін экономиканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл тұрғыда ел жастарына саннан сапаға көшіп, білімді де білікті маман дайындау бізге жүктелген үлкен міндет дейді ректор. Қазір аталмыш университетте 14 мың студент білім алады. Оның 400-і шетел азаматтары. Қазақстанның маңдайалды университеті барлық талаптарға сай болу үшін тәжірибелі ғалымдарды тартып жатқандығын жеткізді. Халықаралық білім беруді бағалау компаниясы Еуразия ұлттық университетін ең үздік елу оқу ордасының тізімінде 32 орынға табан тірегенін жариялады. Мұндай атақ ТМД елдерінің бірде біріне бұйырмағандығын айтады Ерлан Сыдықов. Жиынды қортындылай келе ректор еліміздің Қазақ елі атануына тоқталып, "Мәңгілік ел идеясы" көпшіліктің қолдауына ие болып отырғанын алға тартты.
Источник: http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_44824_v-enu-realizuyut-200-nauchnykh-proektov