Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


28.02.2014

Ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері - 2050 Стратегиясының басымдықтарының бірі - Е.Сыдықов

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында басты басымдық пен көрсеткіш - ол ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері болып табылады. Сондықтанда, Елбасы өзінің халыққа Жолдауында осы мәселеге ерекше ден қойған. Ғылымға бөлінген ЖІӨ-нің 3%-да осыны көздейді. Біз өзіміздің дамыған 50 елдің қатарына кіру міндетімізді уақытынан бұрын орындадық», - деді Е. Сыдықов.

Оның айтуынша, ол үшін барлық параметрлер мен қолайлы жағдай керек. Сонымен қатар, Елбасының мақсатты және сарабдал саясаты, тұрақтылық пен түсіністік, көршілірмен достастығымыз, ашықтық пен біздің қоғамдағы демократия және инвестициялау үшін қолайлы жағдай да қажет.

«Әр мекеме, оқу орны стратегиялық міндеттерді орындауға талпынуы керек. Менің ойымша әр азамат өзінің іс-әрекетімен, мәдениетін арттыру және білімін жетілдіру арқылы осы мақсатқа ұмтылуы керек, сонда біз алға қойған мақсатқа бірлесіп жетеміз», - деп ол өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, Е. Сыдықов атап өткендей ЖІӨ-нің 3%-ы ол үлкен сан.

«Егер салыстырмалы түрде айтатын болсақ, қазіргі таңда Қазақстан бойынша ғылымды дамыту үшін ЖІӨ-нің 0,16% бөлінеді, яғни бұл көрсеткіш 20 есе ұлғайтылады. Бұл техникалық ғылым саласына револиция деңгейінде үлкен импульс береді. Қомақты қаржы қазақстандық ғылымды алға жетелейтін болады», - деді ол.


Источник:  http://strategy2050.kz/news/6523

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 19:09 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/26330/index.php?print=Y