Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


20.03.2014

КАЗКА Стартап форумда сенімді бизнес-серіктес табуды ұсынады

«КАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы осымен екінші рет өздерінің теңдессіз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, сондай-ақ өз клиенттерімен іскерлік қарым-қатынас орнататын 1 500-ден аса кәсіпкерді «бір үстел басына» жинағалы отыр. «Кездесу бағдарламасында кәсіпорын басшылары іскерлік байланыс орнатып, серіктестік қарым-қатынастарын реттейтін «Business to Business» секциясы да жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

«Жеке кәсіпорындардың басшылары сенімді іскерлік байланысқа және ақпаратқа зәру. Сондықтан, форумның осы бағыты бизнес өкілдеріне тек клиент пен серіктес табуға ғана емес, сондай-ақ өз тәжірибелерімен және ой-пайымдарымен алмасуына мүмкіндік туғызатыны сөзсіз», – деді «КАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы Басқарма Кеңесінің Төрағасы Жанықұлов Жұмабек.

Сонымен қатар, Форум аясында ҚР Салық комитеті және Бас прокуратурасымен екі дөңгелек үстел, сондай-ақ ШОБ-қа мемлекеттік қолдау көрсетуді жүзеге асыру тақырыбында жеке консультациялар мен тұсаукесерлер, «ШОБ үшін көрсетілетін қызметтер» көрмесі, бизнес-тренингтер мен мастер-класс жоспарланған.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Астанада «КАЗКА – 2012 Стартап форумы» І Шағын және орта бизнес форумы өтті. Оған Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарының 40 аудан орталығынан 1500 адам қатысты.


Источник:  http://www.bnews.kz/kk/news/post/102416/

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 12.07.2020 / 11:16 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/27027/index.php?print=Y