Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


15.04.2014

Химия өнеркәсібінің дамуы - экономиканың өзегі

Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстан халқының алдына үлкен мақсат қойды. Ол – 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті. Мамандардың айтуынша, бізде химия саласын дамытуға мүмкіндік мол. Әлемде химия өнеркәсібіне арқа сүйеп дамуға тиісті екі мемлекет болса, соның бірі - біздің Қазақстан. Олай дейтініміз, еліміз қазба байлықтар мен шикізат қорына бай.

Ерлан Сүлеймен - Еуразия ұлттық университетінің «Қолданбалы химия институтының» директоры қызметін атқарады. Екі жылдан бері студенттер мен ғылымға бейімі бар оқушылардың басын қосып, ғылыми жобаларына жетекшілік етеді. Оның шәкірттері химия-биология салалары бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Олардың химия саласындағы жетістіктері еліміздің алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуына өз септігін тигізеді деген сенімде.

Ерлан Сүлеймен, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Қолданбалы химия институтының» директоры:
- Көпіргіш таблетка химиялық реакция. Ол лимон қышқылы ас содасымен әрекеттеседі, сонда СО2 газ пайда болады. Ол қабынуға қарсы пайдаланылады. Ішінде түймедақ және қырмызы гүл қосындысы бар.

«Қолданбалы химия институтында» студенттер мен оқушылар өз жобаларын жан-жақты зерттеп, тәжірибеден өткізеді. Гүлсана Сейсенғалиева - Еуразия университетінің 4-курс студенті, Чернаев жусанының химиялық зерттелуі тақырыбында дипломдық жұмысын жазып жатыр. Бос уақытымды осы зертханада өткіземін,-дейді жас ғалым.

Гүлсана Сейсенғалиева, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-курс студенті:
- Мен осы зертханада эфир майын бөліп алдым. Оларды әртүрлі белсенділікке зерттедім. Уытты белсенділік, радикалға қарсы белсенділік және казіргі кезде біз Америкаға басқа да антибелсенділіктерді анықтауға жібердік. Сосын Бельгияға жібереміз.

Жанар Жұмаханова, 10-сынып оқушысы:
- Бұл жай картон қағаз сияқты көрінеді. Біз бұдан машинаға қолданатын ароматизатор жасадық. Оған біз өзіміз жасаған эфир майының үш тамшысын қостық. Одан жұпар иіс шығып тұрады. Сөйтіп, ароматизатор жасадық.

Өсімдіктерден алынған эфир майынан тұмауға, аллергия ауруларына қарсы дәрі-дәрмек жасауға болады екен. Сондай-ақ, ол майлар ароматерапияда да қолданылады.


Источник:  http://www.khabar.kz/kz/view/news_economic/page_71029_khimiya-onerkasibinin-damuy-ekonomikanyn-ozegi#page

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 05:48 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/27880/index.php?print=Y