Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


03.06.2014

Серілердің жалғасы Серік ақын

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде осындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырған «Өмір-өлең» атты поэзия кеші өтті. Оның мейманы халықаралық «Алаш» сыйлығының лау­реаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Тұрғынбекұлы болды.

Ақын кешін әдеттегідей профессор Кенжеғали Мыржықбаев жүргізді.

Университеттің акт залындағы алдыңғы екі-үш қатарға қазақтың мар­қасқа ұлдары жайғасыпты. Мырзатай Жол­дасбеков, Сейіт Қасқабасов, Қойшығара Салғарин, Жандарбек Мәлібеков, Сайлау Батыршаұлы сынды ағалар бастаған елордадағы зиялы қауым өкілдерінің үлкен шоғырының кешке арнайы көрермен ретінде қатысуының өзі жастарға үлгі боларлықтай. Оның үстіне жи­нал­ған студенттер көпшілігінің қол­дарына қалам ұстайтын болашақ журналистер екенін ескерсек, халыққа өнеріңмен, өлеңіңмен, қаламыңмен қызмет етудің қаншалықты құрметке бөлейтінін жастарға да ұқтыра түскендей. Кеш тәлімінің бірі осы ма дерсің.


Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 12:03 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/29159/index.php?print=Y