Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


03.06.2014

Ассамблея – ізгілік ұйытқысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 18 сәуірде болатын кезекті сессиясының күні жақындаған сайын оның «Стратегия – 2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты тақырыбын талқылаған түрлі шаралар да көбеюде. Соның бірі кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусында болып өтті.

Онда оқу орнының ұстаздар мен студенттер қауымының өкілдері университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының атын алған кафедрада Мәжіліс депутаты, генерал-лейтенант, ғалым Абай Тасболатовпен кездесті. Кездесуді университет проректоры, белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы ашып, жүргізіп отырды. Өзінің кіріспе сөзінде ғалым Ассамблеяның көздеген ең бірінші кезектегі мақсаты еліміздің ішіндегі татулық пен бірлікті ұйыстыру екенін атап өтті. Ұйымның осы мұратын студент жастарға, қоғам мүшелеріне белгілі қоғам қайраткерлерінің көзімен, парасатымен білдіру, насихаттау біздің міндетіміз. Сондықтан бүгінгі кездесуге елімізге белгілі азамат, әс­кери қайраткер әрі педагог, тарих ғылымдарының докторы, Мәжіліс депутаты Абай Бөлекпайұлын шақырып отырмыз деп қонақты жиналғандарға кеңінен таныстырып өтті.


Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 07:08 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/29167/index.php?print=Y