• Басты
  • Байланыс
  • Сайт картасы
  • Кіру
  • Жазылымдар
KZ RU EN
Covid-19 Call Center TEL.ENU Ректорлар кеңесі BestProfi Youtube Сауалнама
  • PLATONUS
  • DIRECTUM
  • Teams
  • OUTLOOK
  • MOODLE
  • MOOC
  • LIBRARY
  • MY.ENU
  • EMEDIA
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1996 жылы құрылды

  • ЕҰУ туралы
    • Корпоративтік басқару
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 20 жылдығын тойлау
    • Университет құрылымы
    • Негізгі құжаттар
    • ЕҰУ-дің төлбелгілері
    • Даму
    • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздері
    • Университет тарихы
    • Лев Николаевич Гумилев
    • ЕҰУ-дің құрметті қонақтар
    • ЕҰУ-дегі мансап
    • Аккредитация
    • Рейтингтер
    • Евразиялық идея
    • Сапа менеджменті
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студентінің ар-намыс және тәртіп кодексі
    • Банк деректемелері
    • Естелік күндер
  • Талапкер
  • Оқу
  • Студенттік өмір
    • Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті
    • Әлеуметтік көмектер
    • Медициналық көмек
    • Еріктілер қозғалысы
    • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерінің «SENIM» кәсіподақ ұйымы
    • «Өнер орталығы»
    • Студенттер үйі
    • Клубтар қауымдастығы
    • Спортклуб
    • Жастар орталығы
    • Студенттік кинотеатр
    • «Жас Отан» Жастар қанаты
    • ЕҰУ түлектерінің қауымдастығы
    • Зеренді "Тұмар"
    • Тұрғын үй жалдау
  • Факультеттер
    • Дайындық бөлімі
    • Ақпараттық технологиялар факультеті
    • Жаратылыстану ғылымдар факультеті
    • Экономика факультеті
    • Филология факультеті
    • Заң факультеті
    • Әлеуметтік ғылымдар факультеті
    • Механика-математика факультеті
    • Журналистика және саясаттану факультеті
    • Көлік-энергетика факультеті
    • Халықаралық қатынастар факультеті
    • Сәулет-құрылыс факультеті
    • Физика-техника факультеті
    • Тарих факультеті
    • Әскери кафедра
    • Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты
  • Ғылым
    • ЕҰУ-дегі ғылым
    • ЕҰУ ғылымын басқару құрылымы
    • Impact Factor
    • Диссертациялық кеңестер
    • Постдокторантура
    • SciVal Funding
    • Ғылыми іс-шаралар
    • Сыйақылар мен шәкіртақылар
    • Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
    • Ғылым және инновациялық жобалар
    • Ғылыми кеңестер
    • Ғылыми басылымдар
    • Конференция жинақтары
    • Ғылыми журналдар
    • Ғылыми-техникалық жобалар
    • EMJ-2019 конференциясы
    • Индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Кітапхана
  • Ынтымақтастық
    • Департамент туралы
    • Welcome to ENU
    • Алмасу бағдарламасы бойынша білім алу
    • Erasmus +
    • Mevlana
    • Шетел студенттеріне
    • Қос дипломды білім беру
    • Әріптестер
    • Мәдени және тіл орталықтары
    • Courses Taught in English
    • CACTLE жобасы
    • British Council Program Creative Spark
    • 2020-2021 оқу жылына арналған ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары
  • Мансап
    • Жұмыс берушілерге
    • Түлектерге
    • Білім алушыларға
    • Түлектер қауымдастығы
    • Нормативтік құжаттар
    • Әріптестік
    • Жұмыс берушілермен кездесу кестесі
    • Түлектер галереясы
    • Түлек сауалнамасы
    • Старосталар кеңесі
    • Байланыс
  • Баспасөз орталығы
    • Сізбен бірге
    • Баспасөз хабарламалары
    • Фото-бейне репортаждар
    • Дайджесттер
    • Еуразия ақпарат
    • "Еуразия Университеті" газеті
    • Жаңалық жіберу
  • Құрылым
    • Ұйымдық құрылым
    • Ректор
    • Проректорлар
    • Ректорат
    • Ғылыми кеңес
    • Ректордың кеңесшілері
    • Шетелдік топ-менеджерлер
    • Әкімшілік бөлімшелер
    • Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
    • Факультеттер
    • Шақырылған шетелдік профессорлар (2018-2019 оқу жылы)
    • Шақырылған шетелдік профессорлар (2017-2018 оқу жылы)
    • Мұражайлар

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІНЕ

БАКАЛАВРИАТ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ

ОҚУ АҚЫСЫ

БАКАЛАВРИАТ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ

ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ


Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


26.06.2014

Біз бәсекелестік ортаға кіріп отырмыз

Ғарифолла ЕСІМ, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, философ:

– Азат болғанымызға 20 жылдан асты. Осы уақыт тәуелсіздік сананың қалып­тасуына жеткілікті ме?

– Қазақ елінде тәуелсіздік сана қалыптасты!

Бірақ отар ойдан арылып, азат сана­ның бекуі бітетін процесс емес. Жыл өткен сайын ол күшейе береді. Жылдан-жылға әлсірей де беруі мүмкін. Бұларға әртүрлі факторлар ықпал етеді.

– Әлсіретпей, күшейту жолдары қайсы?

– Әлсіреуі де, күшеюі де біріншіден, биліктің, заң шығарушылардың халыққа қаншалықты мүмкіншілік жасайтын­дығына, екіншіден, қалың халықтың өзіне берілген сол мүмкіншіліктерді қан­шалықты тиімді пайдалана алуына байланысты болады.

Егер осы екі нәрсені қатар алып жүріп, ұтымды әрекет етсек, біз көп нәрседе ұтамыз. Ол үшін біз жас ұрпаққа қажетті тәрбие беріп, мектептерде-ақ олардың бойларында инновациялық ойлаудың жүйесін қалыптастыруға тиіспіз.

Жалпы, Тәуелсіздік дегеннің өзі инно­вация. Біз болып жатқан жаңашылдықты көруіміз керек, болмағанды жедел жа­сауы­мыз қажет. Қазіргі заман ұлттардан ұтымдылықты ғана емес, ұтқырлықты да талап етеді. Жасампаз ойлап, жылдам қи­мылдауға үйренгеніміз жөн. Аға буынның жасай алмағанын түзуге қабілетті жаңа буын өсіруге тиістіміз. Сонда ұлт өзін-өзі қамтушы, «самодостаточный» болады. Сол кезде Тәуелсіздік күшейеді.

Ал егер оны жасай алмай, эконо­микада біреудің айтқанымен, басқа­руымен жүретін болсақ, экономика ғана емес, егемендік әлсірейді.

– Бізде жасампаз, инновациялық ойлы жастар шетелдің озық оқуларына түседі де, ары қарай АҚШ-тың Кремний алқабы, Силикон алқабы секілді табысы мол ин­новациялық орталықтарында жұмыс істеуге қалып қояды...

– Бұл Үкіметте отырған азаматтар бас қатыруға, шешуге белсенді қатысуға тиісті шаруа. Ол инноваторларға жағдай жасап, елге қайтару керек. Инновациялық ой ойлаушы әрбір адам – қымбат қазына. Ал қазына сабылып іздеуді, күш сарқа жұмыс жасауды талап етеді.

Меніңше, елімізде құрылып жатқан инновациялық-индустриялық орталықт­ар Еуразиялық экономикалық одақ ая­сын­да даму үшін жаңа серпін алуға тиіс. Осы еура­зиялық ықпалдастықты өріс­тетудегі мақсат та сол Үдемелі индус­трия­л­андыруды жүзеге асыруға жағдай жасауды көздейді ғой.

– Бұл одақтың өзге елдері үшін де пай­далы шығар.

– Біз Одақтың емес, ең бірінші Қазақ елінің пайдасын ойлауымыз керек. Қазақ еліне пайдасыз болса, ол Одақтан пайда жоқ. Елбасы ел мүддесіне қайшы келетін кез келген ұйымнан еш кідірмей шығамыз деген.

– Еуразиялық интеграциядан қауіп қылатындарға не айтар едіңіз?

– Біз бір нәрсені жақсы түсініп алуы­мыз қажет: бұл Одақ – экономикалық интеграция деп бүгін Елбасы нық айтты. Егер саяси мәселелер қаузалып отырса, қауіп қылу заңды. Әйтпесе біз осы ұйым арқылы әлдебір федерацияға бас сұғып емес, бәсекелестік ортаға кіріп отырмыз.

Ойымызда болсын. Кірігу деген бар, конкуренция деген бар. Біз кез келген жерде және кез келген уақытта қандай қатаң бәсекеге де қабілетті болуға тиіспіз. Саны аз халықтың басқа барар жері, бассауғасы жоқ. Бәсекеге қабілетсіз, артта қалсаң, қанша қымтансаң да, жем болуың ғажап емес.


Источник:  http://aikyn.kz/interviews/view/50349

Возврат к списку

Ректор блогы

Ректор блогы

Университет өмірінде күн санап сіздермен бөлісетін көптеген іс-шаралар мен оқиғалар орын алуда. Өздеріңізді қызықтыратын сауалдар мен ой-пікірлеріңіз, ұсыныстарыңызбен тікелей бізбен бөлісе аласыздар. Алдағы уақытта республикамыздың алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі ЕҰУ-дың тыныс-тіршілігімен тереңірек танысумен қатар аталмыш блог Қазақстан мен әлемнің ғылым, білім берудің көкейкестi мәселелерін талқылайтын пiкiрталас алаңына айналатынына сенімдімін.












Бөлім мәзірі
 
Мәзірді кішірейту | Мәзірді кеңейту

  • Сізбен бірге
  • Баспасөз хабарламалары
  • Фото-бейне репортаждар
  • Дайджесттер
  • Еуразия ақпарат
  • "Еуразия Университеті" газеті
  • Жаңалық жіберу
  • 010008, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 2


Яндекс.Метрика
Жоғары көтерілу
Жабу

Сайтта авторландыру

Логин

Құпия сөз

Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Тіркеу