Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


04.09.2014

ЕҰУ-де университеттің инновациялық паркі Start-Up аймағы ашылды

«Start-up жобалар аймағы» Л.Н.Гумилев атындағы инновациялық парктің құрылымдық бөлімшесі мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша университет бағдарламасы аясында ашылады. Онда үдемелі кәсіпкерлік қағидасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кәсіпкерлікті ерте кезден осылай қолдау моделі аз уақытта кәсіпкерлікті жедел дамытуға мүмкіндік береді.

Start-Up аймақ мақсаты – жаңалық иелеріне бастапқы кезде дұрыс жөн сілтеу мен тез дамуға көмектесу. Жобаларды іріктеу кезінде оқу орнының түлектеріне, студенттеріне, магистранттарына, қызметкерлеріне басымдылық беріледі. Дегенмен жоба әркім үшін ашық.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов оқу орнының барлық студенттерін құттықтай келіп, Start-Up аймақты салтанатты түрде ашып берді.

«Елбасымыз айтқандай, 2050 стратегиясы жастардың қолында. Олар бүгінгі таңда университет қабырғасында білім ала отырып елдің болашағын құруда үлкен маңызға ие салаларда қызмет етпек. Бірнеше жылдан кейін бүгінгі шәкірттер ертең ел қамын жеген атқамінерлерге айналып, өздерінің бүгінгі алған білімдерін елдің гүлденуі мен халықтың өмірін жақсарту жолында тер төкпек», - дейді бас ұстаз Аслан Сәрінжіпов.

Айта кету керек, ЕҰУ инновациялық паркіндегі Start-up аймақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында құрылған теңдессіз құрылым. Оның мақсаты жас ғалымдардың бастапқы кезде дұрыс жөн сілтеу мен тез дамуға көмектесу болып табылады. Онда технология, энергетика, баламалы қуат көздері, экология, индустрия, жаңа материалдар құру мен әлеуметтік сектор саласындағы жобаларды іске асыру.

Сонымен қатар, жаңа сайттың ашылуы жоспарланып отыр. Оның мақсаты – ғаламторда арнайы аймақ құру мен инновациялық жобаларды енгізу процесіне мониторинг жасау мен оны жариялау және жаңа жұмыстарды тарту, ғылыми-инновациялық идеялардың басын біріктіру.


Источник:  http://strategy2050.kz/news/12630/

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 18:39 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/30840/index.php?print=Y