Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


21.11.2014

ЕҰУ QS APPLE халықаралық жүлдесіне ие болды

Тайванның Тайбей қаласында “New Directions in Asia-Pacific Higher Education: Challenges and Opportunities” деген атпен 10 QS APPLE Азия конференциясы өтіп жатыр. Оған Азия мен Еуропадан 100 университет қатысуда.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті осымен қатарынан төртінші мәрте жүлдегер атанған Қазақстандағы бірден бір оқу орны.

«ЕҰУ-дің бұл жеңісі университеттің жағымды брендін алдыңғы орынға қалыптастырып, имиджін құруға итермелейді. QS Asia директоры Mandy Moктың айтуынша мұндай шараларға қатысу барысында жоғары оқу орнының танымдық дәрежесі жоғарылайды және аталған жеңіс университет мәртебесін үстем етеді», - делінген хабарламада.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті туралы түсірілген қысқа бейнесюжет оқу орнының ғылыми-ағартушылық мүмкіндігінің мол әрі әлемдік деңгейдегі оқу орындарымен терезесі тең екенін көрсетеді. Бұл орайда жүлде алған еңбек бірініші проректор Жәмила Нұрмамбетованың жетекшілігімен жүзеге асқанын айта кеткен жөн.

Тағы бір айта кетері, Еуразия ұлттық университеті биылғы мамыр айында Абу-Дабиде өткен конференция және халықаралық білім көрмесіне қатысып, оқу орны бойынша ең үздік фильм аталымында үшінші орынға, ал Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Кореяда өткен халықаралық көрмеде (2013 жыл) бір күміс, бір қола жүлдеге қол жеткізді.


Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 08.04.2020 / 11:53 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/32738/index.php?print=Y