Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


08.12.2014

«Мен жастарға сенемін!»

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұңғыш Президент күніне орай «Мен жастарға сенемін!» атты ІІ республикалық патриоттық фестивалі өтті. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен дарынды жастар – инновациялық жобалар мен шығармашылық туындылар авторлары жиналды. Фестивальдың негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке инновациялар мен шығармашылық әсерлер арқылы баулу.

«Мен жастарға сенемін!» атты ІІ республикалық патриоттық фестивалі ұйымдастыру комитетінің атына еліміздің 60-тан аса жоғары оқу орнынан 1000-ға жуық жұмыстар келіп түскен. Олардың ішінде ерекше авторлық жобалар мен шығармалар, сондай-ақ ұжымдық еңбектер бар. Алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесінде 350 үздік жоба мен шығарма таңдалды. Іріктеу талаптары өте салмақты деңгейде қадағаланды. Байқауларға қатысушылар ұсынған туындылардың шынайылығы, шешімінің ерекшелігі, ойлау қабілетінің ұшқырлығы, тұжырымдамалығы, шығармашылық әлеуеті басым ескерілген.
Сонымен «Мен жастарға сенемін!» патриоттық фестивалінің гала-форумында жүзден жүйрік, мыңннан тұлпар шыққан студенттер Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бір жыл тегін оқу грантының сертификатына және арнайы сыйлыққа ие болды. Тарқатып айтар болсақ, «Менің ел дамуына қосқан нақты үлесім» атты студенттік инновациялық жобалар байқауы бойынша Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Ерасыл Ерланұлы, «Мен өз елімінің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық факультетінің 4-курс студенті Нұрбек Ақпанбетов, «Мен жастарға сенемін!» студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауында жалынды жыры мен ақындық талантымен Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика факультетінің студенті Сәрсенхан Батырхан, «Мәңгілік ел-мұратым!» патриоттық ән байқауының жеңімпазы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Әйгерім Тәжі патриоттық фестивальдың жеңімпаздары атанды.
«Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе бойынша жеңімпаз атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті Абай Тіленшиевке «Жас қазақ» басылымының атынан «Ақиқатқа адалдық» номинациясы бойынша арнайы сыйлықты жауапты хатшы Гүлзат Нұрмолдақызы табыс­тады. 


Источник:  http://jasqazaq.kz/2014/12/05/men-zhastara-senemn.html

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 06:55 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/33109/index.php?print=Y