Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


26.01.2015

Еуразия Ұлттық Университетінің төрінен орын алған ЮНЕСКО кафедрасы

2013 жылдың 23 тамызында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Халықаралық ЮНЕСКО ұйымы арасындағы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өткен.

Бұл құжатқа Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова қол қойған. Кафедра меңгерушісі болып, профессор Шалахметов Ғаділбек Минажевич тағайындалған.

Кафедраның мақсаты этникалық және діни толеранттылық саласында зерттеулер, білім беру, ақпарат және іс-қағаздардың кешенді алға жылжуы болып табылады. Ол өз кезегінде, жоғарғы мамандандырылған халықаралық деңгейдегі зерттеушілер мен университеттің және ҚР өзге мекемелеріндегі, сонымен қатар Еуропа елдері мен әлемнің өзге де елдерінің профессорлық-оқытушылық құрамы арасындағы ынтымақтастыққа жол ашады.

Осы орайда, кафедра алға қойған мақсатына жету үшін кафедра меңгерушісі Шалахметов Ғ.М жетекшілігімен белсенді жұмыс жасауда.


Источник:  http://www.info-tses.kz/specproekty/stolichnyy-obyektiv/article.php?article=584796

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 11:39 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/33946/index.php?print=Y