Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


03.04.2015

Қазақстандық жастарға арналған білім көрмесі өтті

Халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға ұмтылушы қазақстандық жастардың саны жыл сайын артуда. Бүгін олардың дені бірнеше шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, білім көрмесіне қатысты. Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Түркия, Литва және Латвияның ЖОО-ның өкілдері келіп отыр. «Сапалы білімнің қымбат болуы міндет емес»,- дейді Литваның Қазақстандағы елшісі Витаутас Наудужас. Бұл тұста Балтық маңы елдерінде оқу құны көңілге қонымды. Осы мүмкіндікті қазірдің өзінде қалт жібермеген қазақстандықтар аз емес. Литваның 3 ЖОО «Болашақ» бағдарламасының тізіміне енгізілген.

Витаутас НАУДУЖАС, ЛИТВАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
- Литвада 23 университет бар. Олардың дипломдары Еуропалық одақ елдерімен қатар ұйымға мүше емес бірқатар мемлекеттерде де мойындалады. Біздің еліміздің негізінен медицина, IT, лазерлік физика, биотехнология салалары бойынша білікті мамандар дайындайтындығы белігілі. Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын білеміз. Бұл тұста да литвалық жоғары оқу орындарында білікті оқытушы-профессорлар құрамы жеткілікті.

Айзада СОВЕТ, СТУДЕНТ:
- Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Оқуымды шет елде жалғастырғым келеді. Сондықтан осы көрмеге келдім. Мол ақпарат алдым.

Дәл осы білім көрмесі сәуірдің 4-і күні Алматы қаласында өтпек. 


Источник:  http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_104308_ezhegodno-rastet-chislo-kazakhstantsev-priezzhayushchikh-na-ob

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 08.04.2020 / 12:31 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/35414/index.php?print=Y