Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


02.06.2015

Лондонда «Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі» атты кітап ағылшын тілінде шықты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық «Мәңгі Ел» ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас редакторы Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы «Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі» («Shakarim. The life of Kazakh poet») деген атпен ағылшын тілінде жарық көрді. Сөйтіп, бұған дейін қазақ, орыс («Молодая гвардия» баспасы «ЖЗЛ» сериясы), түрік тілдерінде («Bengu» баспасы) шыққан әлемдік руханият тарихында орны бар қазақ тұлғасы туралы толымды еңбек ағылшын оқырмандарына жол тартты.

Кітаптың тұсаукесері Лондон қаласында Абай күндері қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақтың Лондондағы өнер фестивалі» шеңберінде өтті. Салтанатты шараны «Werner Capital» компаниясының басшысы Томас Вернер ашты.


Источник:  http://turkystan.kz/akparat-aqyny/3936

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 06:07 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/36800/index.php?print=Y