Республикалық Торғай орталық лигасының 1/4финалдық сайысы туралы ақпарат
Республикалық Торғай орталық лигасының 1/4 финалдық сайысы туралы ақпарат
19-20 мамыр сағат 18:00 Қостанай қаласы, Балалар шығармашылық үйінде Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Қостанай КВН» филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Торғай» орталық лигасының ¼ финалдық ойындары өтті.
"Тарих маусымы" тарихи шолуларға толы. Ерекше тартысты болған ойын 2 топ, 2 күнде келесі ½ финалдық ойын жолдамасын сарапқа салды.
Қатысушы топтар:
19 мамыр, 1 топ.
1. «Алтын белгі» - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қаласы;
2. «Ақсу құрамасы» - Павлодар облысы, Ақсу қаласы;
3. «Ару.kz» - А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп, Арқалық қаласы;
4. «Болашақ VIP» - Болашақ университеті, Қарағанды қаласы;
5. «Жаңа толқын» - Орал қаласы;
6. «Әзілстан» - Қостанай қаласы;
20 мамыр, 2 топ.
1. «Дарын құрамасы» - Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Қостанай қаласы;
2. «S-class» - Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Орал қаласы;
3. «Депутат» - М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай қаласы;
4. «Өрлеу» - Ақтөбе қаласы;
5. «Сөз жетпес» - Қостанай қаласы;
6. «АрМПИ құрамасы» - Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
Ойын жалпы 3 сайыстан тұрды:
Жалпы тақырып – «Ежелгі тарих»
• Сәлемдесу» сайысы – 5 минут. «Ежелден ізгі ниетпен...»
• Бес сайыс
• Бір көрініс сайысы – 4 минут. «Ежелден келген көрініс»
1/8 финал ойындарында жинаған ұпайларына ¼ финал ойындарында жинаған ұпайлары қосылып, екі ойынның қорытындысы бойынша келесі ½ финал ойындарына жолдама алған топтар: «S-class» - Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Орал қаласы, «Депутат» - М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай қаласы, «Сөз жетпес» - Қостанай қаласы, «Ару.kz» - А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп, Арқалық қаласы, «Алтын белгі» - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қаласы, «Болашақ VIP» - Болашақ университеті, Қарағанды қаласы, «Дарын құрамасы» - Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Қостанай қаласы, «Әзілстан» - Қостанай қаласы, «Ақсу құрамасы» - Павлодар облысы, Ақсу қаласы, «Өрлеу» - Ақтөбе қаласы.
Источник: http://patrioti.kz/novosti/item/2768-respublikaly-tor-aj-ortaly-ligasyny-1-4finaldy-sajysy-turaly-a-parat.html