«Білім мен руханият – біртұтас»
Айнұр ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ,Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры:
–Әңгімемізді білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттарын айқындаудан бастасақ. Дін саласындағы ғылыми-зерттеу мекемесінің басшысы ретінде осы қағидаттарды қалай түсіндірер едіңіз?
– Басты назарда ұстайтын нәрсе – зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ождан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік-өнегелілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан, діни таным да зайырлы дүниетанымның бір бөлігі болып табылады.
– Демек, білім беру жүйесінің зайырлылығы діни білімге жол берілмейді дегенді білдірмейді ғой?
– Әрине, солай. Зайырлы жүйеде діни білімге де, дінтанулық білімге де тыйым салынбайды. Керісінше, еліміздің заңнамалары аясында діни және дінтанулық білім берудің өзіндік мүмкіндіктері жасақталған.
Источник: http://www.atr.kz/index.php/zha-aly-tar-b-limi/item/5051-bilim-men-rukhaniyat-birt-tas